Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Форум

Обаманың орнында болсаңыз әлем мұсылмандарына не айтар едіңіз?

Барак Обама, АҚШ президенті.

01.06.2009

АҚШ президенті Барак Обама маусымның 4-де Мысыр астанасы Қаирда сөз сөйлеп, Ислам әлемімен қарым-қатынастар жайында ойларын айтпақ. Ол Ислам әлемі мен Батыс арасында өзара түсінушілік орнатуға күш жұмсайтындығына сайлау науқаны кезінде уәде еткен еді.

Барак Обаманың орнында АҚШ президенті болсаңыз Әлем елдеріне осы мәселе жайында не айтар едіңіз?

Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Іслам Қайдан: Қазақстан
01.06.2009 16:45
дүрдараз тараптардың арасында арағайындық жасау оңай іс емес. Обамаға дейін де талай басшы талпыныстар жасағаны белгілі, алайда толыққанды нәтижеге қгол жеткізе алған жоқ. Дегенмен, татулыққа шақырған ниет дұрыс, жалпы. Бәрін уақыт көрсетер.

Кімнен: Қанат Қайдан: астана
01.06.2009 16:49
"Қырғи-қабақпен өткізген қырық жылдан, сіз-біз деп силасып өткізген қырық күн артық" дер едім

Кімнен: prosto maria Қайдан: auildan
01.06.2009 17:26
barak obama bolmay-aq qazaqsatnning qatardagi barliq uqqi qorgalgan azamati bolip alsaq ta zhetkilikti.

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Астана
01.06.2009 17:30
Жершарындағы адамдар сенімінің түрліше болуына қарамастан, бақытты өмір кешіру үшін береге бірлікпен ынтымақтаса отырып табиғат силаған несібені көңілді түрде игіліктенуге және жаратушы алланың мейіріне шексіз алғыс айтуға шақырар едім.

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
02.06.2009 10:54
Барак Обама ең алдымен мұсылмандарды шетінен қаныпезер, жауыз әрі надан етіп көрсететін фильмдеріне тыйым салуы керек.Осындай теріс насихаттың кесіренен бүкіл бір американдық жастар мұсылмандарды жау көреді. Оның нәтижесі анау Ирактағы түрмедегі аюандықтары, болмаса Гуантама түрмесіндегі тағылық әрекеттері куә.Американың қазіргі таңда анау христиандармен, буддалықтармен және иуадылықтармен бірігіп, ислам әлеміне қпия соғыс ашып отырғаны өтірік емес. Соны тоқтатау қажет. Олай болмаса парасатты саясат жүргізу қиынға соғады.

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: қазақстан
02.06.2009 14:17
Әліммен толық келісемін.