Accessibility links

Есірткі тасымалы - Тәжікістан қауіпсіздігіне төнген қатер

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Тәжікістанда есірткі тасымалымен күрес майданында біраз табыстарға қол жеткенімен бұл құбылыс әлі де Тәжікістан қауіпсіздігіне төнген қатер болып отыр деп жазады EURASIANET интернет парақшасы.

Бүгіндері Тәжікістан үшін қауып-қатер терроризм емес, есірткі тасымалы болып отыр деп біледі жергілікті бақылаушылар. Орыс тәжік баспасөзіне қарап отырсаңыз олар есірткі тасушылармен шекарада болған қақтығыстар туралы күн құрғатпастан жазады. Мысалы, 7 мамыр күні Итар Тасс ақпарат агенттігінің хабарлауынша Тәжікістан түстігінде бір есірткі шабарманы тұтқындалып ол әкеле жатқан 16 кг героин тәркіленген. Шабарманның иығында аутоматты қару болған. Дәл сол күнгі баспасөзде тәжік соты екі тәжік солдатын есірткі тасымалы саласында заң бұзғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырғаны туралы жазылған.

Тәжікістан президенті Имамоли Рахмонов Тәжікістан заңсыз есірткі тәркілеуден әлем бойынша төртінші орында тұрғанын мәлімдеді. Мысалы, 2003 жылдың 4 айында Тәжікістан 1 миллиард 400 миллион доллардың есірткісін тәркілеген екен. Мамырдың тек бірінші аптасының өзінде 200 кг героин тәркіленіпті.

Рахмоновтың айтуынша бір Тәжікістанға бүкіл Орта Азия бойынша тәркіленетін есірткінің 85 пайызы келеді екен. Сондықтан да, есірткі тасымалы Тәжікістанның негізгі бас ауыруы деді Рахмонов. Және бұл аурудың барған сайын күшейіп бара жатқанын айтты ол. Ал, халықаралық агенттіктердің есебі бойынша Тәжікістан тәркіледік деп отырған осынау қолға түскен есірткілер, қолға түспей қара базарларға өтіп кеткен мол есірткінің тек 10 пайызы ғана көрінеді. Оның себебі көршілес Ауғанстанның әлі де әлемдік есірткінің қайнар көзі болып отырғандығынан.

Брюссельде орналасқан Дағдарыс тобының бағалауынша Тәжікістан әлемдегі ең кедей деген 20 ел қатарына жатады.Тәжікістан ауылшаруашылығы бұл елдің өз халқына жететін де азық-түлік өндіре алмайды. Бұл елдің 6 миллионнан асатын халқының денінің табысы айына 7 доллардан да аспайды. Соған қарамастан демографиялық тұрғыдан Тәжікістан Орта Азиядағы шапшаң көбейіп келе жатқан ел. Халықаралық көші – қон Ұйымының есебі бойынша жұмыс іздеп бұл елден шығып кеткен тәжіктер саны бүгінде 800 мың кісіге жеткен. Осы орайда Ресей президенті Владимир Путиннің "Ресейге енген тәжіктер есірткі тасымалының қайнар көзіне айналып отыр" деп мәлімдегені есте.

Осыдан 3-4 жыл бұрын Тәжікстанға бірнеше рет басып кірген Өзбекстан Ислам Қозғалысы ұйымы Тәжікстанның негізгі бас ауыру болғаны белглілі. Енді бүгінде оның орнын Хизб ут-Тахрир ұйымы басып отыр. Бұл осал проблема емес. Алай да бүгінгі есірткі тасымалымен күрес Тәжікістан үшін терроризмнен кем емес, ұлттық қауіпсіздік тауқыметіне айналды деп жазады EURASIANET интернет парақшасы.
XS
SM
MD
LG