Accessibility links

Қазақстан оппозициясының халықаралық жеңісі


Қазақстан оппозициясының өкілдері Вашингтонда “Орталық Азия мемлекеттеріндегі адам құқығы мен еркіндігі” атты алғаш рет өткен парламетаралық конференцияға қатысты.

Алтыншы мамыр күні Қазақстанның Республикалық халық партиясының баспасөз орталығында Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов журналисттерге АҚШ-қа барған соңғы сапары жөнінде айтып берді.

Дәлірек айтқанда, үстіміздегі жылдың бірінші мамырында Америка Құрама Штаттарының астанасында "Орталық Азиядағы адам құқығымен ерткіндігі" атты парламентаралық конференция өткен.

Әміржан Қосанов бұл бас қосуда Қазақстанның оппозициясы атынан баяндама жасаған. Қазақстанның Республикалық Халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановтың пайымдауынша, Вашингтонда өткен бірінші парламент аралық конференция барысында Америка мен Еуропаның Орталық Азияға деген көзқарасы бір екені анық болды.

Қазақстанның Республикалық Халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов: Тұрақты жұмыс жасайтын парламентаралық жұмыс тобы құрылды. Оған Америка Құрама Штаты конгрессінің, Еуропарламенттің, Еуропа елдерінің біраз мүшелері қатысты және халықаралық демократиялық және адам құқығын қорғау институттары қатысты. Ең бастысы бұл отырыста Қазақстан конституциясы сөз болды. Жекелеген заң бойынша, жекелеген баспасөз туралы, сайлау туралы, жергілікті басқару туралы заңдар арқылы емес, конституцияны өзгерту арқылы қоғамды өзгертуге болады деген пікір айтылды. Тағы бір айта кететін жәйт, олар Қазақстан оппозициясы мен Қазақстан ресми билік басындағылардың мүмкін болу мәмлесі - диалогқа үшінші жақ, яғни демократиялық елдердің парламент мүшелері, ОБСЕ, Еуропа Парламент, Еуропа Кеңесі,А мерика Құрама Штатының конгрессі сияқты ұйымдар қатысуы керек. Егер де осылар қатысса ғана бұл мәмле-мәмле нағыз болады деген әңгіме айтылды.Сондықтан бұл біздің басты табысымыз. Конференцияның тағы бір ауызға алар жаңалығы, бұрын Қазақстандағы жағдай туралы жекелеген парламенттер,мысалы Еуропа Парламенті немесе конгресс сөйлесе, енді АҚШ пен Еуропа бірігіп, бір сарынды сөйлеп жатыр.

Гүлмира Хамза: Әміржан Қосановтың айтуынша, АҚШ конгрессінің өкілдері, Еуропарламентің мүшелері және адам құқығын қорғауды көздейтін түрлі ұйым мамандарының қатысуымен өткен парламентаралық бірінші конференцияда Қазақстандағы сыбайласқан жемқорлық мәселесі талқыланды.

Қазақстанның Республикалық Халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов: Қазақстанда жұмыс жасап жатқан инвестор және Қазақстанға келгісі келген инвесторларға бір үлкен қауіп төніп отыр. Ол мына “Қазақгейт”-тің экономикалық салдары. Егерде дәл осындай коррупцияға батқан мемлекетке келген инвестор болса мына “Жел болмаса,шөптің басы қимылдамайды” деп, олар егер Джеймс Гиффеннің жағдайы осындай болса, біздің жағдайымыз не болады деп ойланады. Сол себептен, өкінішке қарай егер “Қазақгейт” соты осы қарқынымен кетіп, ертеңде Қазақстанның билік басындағылары шын мәнінде осы процесске қатысты деген сөз болса, Қазақстанға инвестицияның қарқындап келуі тежеледі. Сол себепті бұл істің экономикалық салдары өте үлкен.

Гүлмира Хамза: Сонымен қатар Қазақстан оппозициясының атынан баяндама жасаған Әміржан Қосанов Уашингтонда өткен конференция барысында серіктестерінің мәселесінде көтергенін жеткізді.

Қазақстанның Республикалық Халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов: Мен Мұхтар, Ғалымжан, Сергей туралы айттым, Әкежан Мағжанұлы туралы да айттым.”СолДат” газетіның қазіргі жағдайы жөнінде әңгімеледім. Өкінішке қарай ұйымдар өздерінен басқа еш кімді айтпайды, біздің партия әр дайым режимнің құрбаны болғандардың барлығы тұралы айтамыз, себебі біз бар мемберді пайдалануымыз керек.

Гүлмира Хамза: Орталық Азия мемлекеттеріндегі адам құқығы мен еркіндігі мәселесіне арналған бірінші парламент аралық конференцияға Қазақстан оппозициясынан өзге, Қазақстанның ресми өкілдері шықырылған дейді Әміржан Қосанов.

Алайда Қазақстан үкіметінің мүддесін қорғайтын азаматтар бұл басқосуға келмеген. Жоспар бойынша, парламентаралық конференцияға Отан, Азаматтық және “Ақ жол” партиясының мүшелері келеді деп күтілген. “Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменов Вашингтонда өткен конференцияға “Ақ жол” партиясы шақыру алған жоқ дегенді айтты.

Бір жарым ай бұрын Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжин маған телефон шалып, Американдықтар Қазақстандағы саяси партия өкілдерінің Америкаға сапарын ұйымдастырады, сол тізімге “Ақ жол” партиясының атынан Сіздің аты жөніңізді берсек қалай болады деп сұрады, бірақ біз Отан немесе Азаматтық партия емеспіз, сол себептен, онда кім баратының біз өзіміз шешеміз деп жауап қайтардым дейді Әлихан Бәйменов.

Біз өзара келісіп, егер американдықтар саяси партия өкілдері ретінде шақырса, бұл сапарға Болат Әбілов барады деп шешкенбіз, бірақ мұндай конференция жөнінде ешқандай әңгіме болған жоқ деді Әлихан Бәйменов.

Бүгінгі таңда Вашингтонда өткен конференцияға "Отан" партиясынан кім барады деп жоспарланғаны белгісіз, бірақ "Отан" партиясының өкілі әрі Қазақстан парламентінің мүшесі Серік Әбдірахманов Республикалық Халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановтың сөзіне сенбеймін дегенді айтты.

“Отан” партиясының өкілі, Қазақстан парламентінің мүшесі Серік Әбдірахманов: Қазақстанға сын айтатын осы РНПК, Әміржан Қосанов, оның ұры лидері Әкежан Қажигелдиндер төреші бола алмайды деп санаймын. Сол себептен Әміржан Қосанов лаулатып, ұрандатып жүргеніне сенбеймін. Жасыратыны жоқ. Сол Әкежаның өзі ұсталғаннан кейін РНПК дүниеге келді. Коррупцияға жол жасап берген Әкежанның өзі ғой. Жалпы коррупциядан шошитындар да бар, шошымайтындар да бар, коррупция барлық жерде бар, ал оның деңгейін кім біледі қандай екенін.

Гүлмира Хамза: Бұл орайда Қазақстанның Республикалық Халық партиясының жетекшісі Әміржан Қосанов “Орталық Азиядағы адам құқығымен, еркіндігі” атты тақырыпта өткен парламентаралық конференцияға қатыса отырып Қазақстан оппозициясы халықаралық деңгейге көтерілді деген баға берді. Бұл пікірмен Әсіржан Қосановтың серіктестері толығымен келісіп отырған жоқ. Солардың бірі танымал режиссер, Респуликалық халық партиясының мүшесі Болат Атабаев.

Республикалық халық партиясының мүшесі Болат Атабаев: Менің пікірім Әміржаның пікірімен қайшы келуі мүмкін, себебі мен шет елдерде жұмыс істедім. Қазақстан - шет елдердің ойынша, даму жолына түскен мемлекеттердің бірі. Сол себептен Америка мен Еуропа елдерінің даму елдеріне деген өз көзқарасы бар. Олардың проблемаларына анда- санда қарап қойым, анда-санда ақшалай көмек беріп қояды. Өздерінің соңғы 15-20 жылда қалыптастырған саясаты бар. Біз де сондай саясаттың бір бөлшегіміз ба деп тұрмын. Әрине, демократия жолдарына түскен азаматтар, тұлғалар басқа елдердегі халыққа көмектескісі келеді, оларды жоққа шығаруға болмайды. Бірақ өз басым, шет ел бізді құтқарады дегенге сенбеймін. Біз өз мәселелерімізді өзіміз шешуіміз керек. Өзіміз белсенді болуымыз керек.

Гүлмира Хамза: Бірінші мамыр күні Уашингтонда болған бас қосу парламентаралық конференцияның алғашқы отырысы, күзде бұл отырыстың жалғасы болады, дейді Қазақстан оппозициясының атынан бұл басқосуда сөз сөйлеген Әміржан Қосанов. Парламентаралық конференцияның екінші отырысына Қазақстан үкіметінің өкілдері қатысар, қатыспайтыны белгісіз.
XS
SM
MD
LG