Accessibility links

НАТО одағының бас хатшысы Әзербайжанда


НАТО-ң бас хатшысы Жорж Робертсон бүгін Әзербайжанның астанасы Баку қаласына келуі керек. Ол Азербайжан президенті Гейдар Алиевпен кездесуі тиіс. Робертсон кешегі күні Грузия мен Арменияда болды. Бас хатшының президент Эдуард Шеварднадземен кездесуінде Грузия басшысы үкіметтің НАТО ұйымымен жане ЕО-мен жақын қарым- қатынастар орнатуы керектігі жөнінде талап еткендігін айтқан. Грузия НАТО-ға мүше емес елдер мен НАТО арасындағы қауіпсіздік келісімі бойынша бейбітшілік бағдарламасы аріптестігінің мүшесі. Робертсон Грузияның НАТО үшін шешуші әріптес екендігін, ал Кавказдың маңызды тұрақтылық аймағы болып қала беретіндігін айтқан. Мұнан соң НАТО-ң бас хатшысы Армения президенті Роберт Кочерянмен де кездескен, Армения президенті өз елінің НАТО-ң бейбітшілік бағдарламсы аріптестігінде белсенді рол атқарғысы келетіндігін айтты деп хабарланады.
XS
SM
MD
LG