Accessibility links

АҚШ Сауд Арабиясына террормен күресте сенім білдіріп отыр


Вашингтон. АҚШ Әр-Риядта болған бомба жарылыстарында 34 адамның, оның ішінде 8 американдықтың қаза тапқанына қайғылы жайттың алдын-ала алмағанына қарамастан, Сауд Арабиясы террорға қарсы күресте Америка билік басыларымен ынтымақтастықта деген толық сенім білдірді. Дегенмен де Ақ үйдің өкілі Ари Флейшер Сауд Арабиясы өз елінің ішіндегі терроршылармен күрес жүргізуі керек, өйткені олар Саудтың өзіне, сондай ақ онда тұратын жұмыс істейтін американдықтарға жане басқаларға да қауіп-қатер төндіреді деп атап көрсеткен. Флейшер соңғы террорлық шабуылдар Американы қорқытып- үркіте алмайды деп ескерткен. - Терроршылар өз істері арқылы бір нәрсеге қол жеткізгізі келеді, олар АҚШ-қа шабуылдау жане аймақтағы басқаларға да шабуыл жасау арқылы бізді саясатымызды өзгертуге мәжбүрлегілері келеді. Бірақ бұл ешуақытта болмайды, - дейді Ари Флейшер. Әр-Риядтағы Америка елшісі Роберт Джордан АҚШ-ң талаптарына қарамастан, Сауд Арабиясы дүйсенбінің түніндегі шабуылдар алдында батыс адамдары тұратын тұрғын жайлар маңында толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетсіз болды деген. Саудтың сыртқы істер министрі, ханзада Әл- Файсал кеше Саудтағы қауіпсіздік саласында мұндай маселелер бар екендігін мойындаған. Ол саудтық 15 адамның бұл жанкештілік шабуылдарын ұйымдастыруды деп күдіктеліп отырғанын айтқан. Дүйсенбінің түнінде Сауд Арабиясының астанасы Әр- Риядта болған тізбекті жанкештілік жарылыстарды тергеп-тексеруге көмектесу үшін американдық бір топ сарапшылар бүгін Саудқа келуі тиіс. Бұл шабуылдар жауапкершілігін азірге ешқандай топ өзіне алмаған, алайда американдық лауазым иелері бұған Ал-қайда террорлық жүйесі айыпты деген күдік айтады.
XS
SM
MD
LG