Accessibility links

Қауіпсіздік Кеңесі Ирақта соғыстан кейінгі әкімшілікті АҚШ-ң басқаруы жөніндегі шешімді алдағы аптада дауысқа салуы мүмкін


БҰҰ-ғы АҚШ елшісі Жон Негропонте алдағы аптада БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесі Америкаға соғыстан кейінгі Ирақтағы әкімшілікті басқаруға мұрсат беретін шешім бойынша дауыс береді деп күтетіндігін айтқан. Ол АҚШ қайта қаралған шешеім жобасын Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін бүгін ұсынады деген тілшілерге. Оның алдында кешегі күні АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл мен Ресейдің сыртқы істер мин-трі Игор Иванов шешімнің американдық жобасы бойынша келіспеушіліктерді жоя алмаған болатын. --Ең маңыздысы шешім - Ирақтың соғыстан кейінгі қайта құрылуына халықаралық қауымдастықтың кеңірек қатысуының заңдылық негізін қамтамасыз етуі керек. Бұл біздің мақсат. Біз жағдайды күрделендірейік немесе қолдан проблема тудырайық деп отырған жоқпыз. Бұл Ирақта бейбітшілік орнатудағы кәдімгі мүдде-мұраттар-, деген Ресейдің сыртқы істер мин-трі Игор Иванов. Кейінірек БҰҰ-ғы Ресей өкілі Сергей Лавров келіссөздер қажетті бағытқа бет алды деп айтқан. Ресейдің сыртқы істер мин-ң орынбасары Федотов Маскеу Ирақ пен Ресей арасындағы БҰҰ-ы мақұлдаған барлық келісім-шарттардың орындалғанын немесе олардың өтелгенін талап етеді деген. Ол Ресейдің Ирақта жүзеге асырылмай қалған келісім-шарттарының құнын 4 миллиард доллар шамасында бағалаған.
XS
SM
MD
LG