Accessibility links

Ирақтағы АҚШ жасақтары толықтырылмақ


Вашингтон. АҚШ-ң қорғаныс мин-трі Доналд Рамсфелд Бағдадта жане басқа да жерлерде қауіпсіздіктің болуын қамтамасыз ету үшін Американың 15 мыңнан 20 мыңға дейін тағы да қосымша жасақтарын Ирақта орналастыруға бұйрық берілгендігі жөнінде айтқан. Ол Конгрестің бір топ мүшелері алдында сөйлеген сөзінде коалиция күштерінде Бағдадтың тыныштығына қауіп төндірген ұрлық пен тонауға және басқа да қылмыстарға жол бермеудің стратегиялық жоспары бар деп атап көрсеткен. Ол қылмыс үстінде ұсталғандар бірден тұтқындалады немесе өлтіріледі деген. Қорғаныс хатшысы Саддам Хусейін жүйесін құлату үшін жасалған шабуылдардан бері Ирақ астанасында анархия орнады деген пікірлерді жоққа шығарған. Қазіргі күнде Ирақта шамамен АҚШ 140 мың аскері бар, олардың 49 мыңы Бағдадта тұр. Бағдадтағы АҚШ аскери басшылығының жетекшісі, генерал майор Бұфорд Блоұнт былай деп айтқан --Біздің қорғануға хұқымыз бар және ұрлық жасап тонаушыларды тұтқындауға хақылымыз. Егер тонаушы қарсылық көрсетсе, немесе онда қару болып, ол қаруын солдатқа қарсы көтеретін болса, онда солдат өзіне қауіп төнгенін сезеді де, соған орай әрекет ететін болады немесе керісінше-, дейді Буфорд Блоұнт. Теңіз жаяу әскерлері Бағдадтың оңтүстігіндегі көп адамдар жерленген бейіт басын қорғауда, өйткені Ирақ тұрғындары жоғалған туыстары мен достарын іздестірулерін тоқтатқан жоқ. Бұл қазба жұмстарына басшылық етуші дарігер Рафед Хусейни 3 мыңнан астам мүрденің анқталғанын айтқан. Бұл денелердің қашан жерленгені жане олардың кімдер екені белгісіз, әлі де мыңдаған адамдар туыстары мен таныстарының денелерін табамыз деген үмітте.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG