Accessibility links

Шешестандағы бомба жарған жанкештілер - айелдер


Владикавказ. Шешенстан прокуратурасы мұсылман фестивалінде өздерін-өздері жарып, ең кемінде 14 адамның өмірін үзген екі айел жанкештінің мүрделері анықталды деп айтқан. Итар-тасс агенттігі айыптаушы Вл.Кравченкоға сілтеме жасай отырып, ол айелдердің біреуі ғана жарылғыш затын іске қосып үлгергендігі, ал екіншісі бомбаны жармай жатып ақ жан тапсырғандығы жөнінде хабарлаған. Куә болғандардың айтуынша, жанкештілер мейрам кезінде сөз сөйлеп тұрған Шешенстаннның Маскеулік әкімшілігінің басшысы Ахмет Қадыровқа жақындамақшы болған. Қадыровтың өзі аман-сау, бірақ оның екі күзетшісі жараланған. Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі мин-ң өкілі Руслан Автаевтың малімдеуінше 14 адамның қаза тапқанына қоса, 145 адам түрлі жарақат алған, олардың 45-нің хал-жағдайы өте ауыр көрінеді. Бұл бұдан екі күн бұрын Шешенстанның солтүстігінде жанкештінің жарылғыш зат толтырылған жүк машинасын жарып 59 адамды ажал құшағына алған оқиғадан кейін қайталанып отырған екінші осындай қайғылы жайт.
XS
SM
MD
LG