Accessibility links

Ирактың сыртқы қарыздары елді қалпына келтіруде қол байлау болып отыр


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың соғыстан кейінгі Иракты басқару бойынша ұсынысын талқылау барысында, негізгі назар елдің мұнай байлығына иелік етуге ауды.Бірақ Ирактың мұнайы қалпына келтіруге жұмсалмас алдын, Ирактың бұрынғы қарыздары анықталып қайтадан қаралатын болады деп сендіріп отыр АҚШ.

Саддам Құсейін режимі билік басында болған соңғы 20-ма жыл ішінде шет елдік үкіметтермен, компанияларға жүздеген миллиард доллардың қарызын берешек болды,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Роберт МыкМахон өзінің Нью Йорктен жолдаған хабарын.

Уашиңтон өткен жұмада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынған жобада қарыздарға байланысты алғашқы ұсыныстарды қарастырды.Мысалы сәрсембі күні Қауіпсіздік Кеңесінде 15-елдің елшілері Шығанақтағы соғыс кезінде жеңілген ел жеңген жаққа мұнайдан түскен пайданың 25-пайыздан 5-пайызға дейінгі бөлігін репарация қорына аудару мәселесін талқылады.

Ирақтың сыртқы қарыздары 383-миллиард доллар көлемінде, бұның ішіне Шығанақтағы Бірінші соғыста келтірілген шығындарда кіргізілген.БҰҰйымының өтемақы төлеу комисияасы 43- миллиард доллардың талабы қойылғаны және оның үштен бір бөлігі төленгені туралы хабарлады.Негізгі талап қойушы ел, Кувейт ол 1990 жылғы басқыншылық кезінде, Ирақ қосындарының кетіп бара жатып мұнай кеніштерін өртеуін де, өз шығындары есебіне жатқызған.Американдық дипломаттың Азаттыққа айтуынша АҚШ және Кувейт ресми өкілдері өтемақы есебіне өтуі тиіс мұнайдан түсетін пайданың пайызын қысқартуға келіскен,өйткені Ирақтың басқа мұқтаждарына жұмсалуы тиіс қаржының өзі тым көп.

Уашиңтонда орналасқан Стратегиялық және Халықаралық зертеулер орталығының өкілі Батшеба Крокердің айтуынша.

"Халықаралық қауымдастық бірлесе бас қосып, ең маңызды атқарылуы керек істерді анықтап алуы тиіс, және біз адамгершілік қажетерін қамтуымыз қажет. Бұның қатарында үкіметің Ирақ халқы үшін уәде еткен басты шаралар бар. Ең соңында бұл атқарылуы тиіс істерге бұған қоса Ирақтың қарыздарын төлер болсаңыз бәріне жеткілікті мөлшерде ақша жетпейді."

Ең күрделі мәселе ол Ирақтың екі жақты қарыздар елдер Ресей, Франция және Германия БҰҰйымының Қауіпсіздік Кеңесінде отыр.Ресей Қаржы министірі Алексей Кудрин Мәскеу Ирақ қарыздарын қайтару жолдарын қарастыруға даяар,бірақ Ресей оларды "толық есептен шығаруға бармайды,"-деді.

АҚШ мемілекеттік хатшысы Колин Пауелл соғыстан кейінгі мәселер бойынша Мәскеуде Ресей басшыларымен келіссөздер өткізді.Ол сондайақ бұл мәселелерді Берлинде Германия басшыларымен талқылады.Сондайақ қарыз мәселесі Париж Клубының айясында да, талқға салынды,бұл беделді ұйымға Ирақ 26-миллиард доллар қарыз.Париж Клубы өзіне мүше емес Парсы шығанағы елдеріннің мәселесінде қосып қарай алады, бұл елдерге де, Ирақ елеулі ақша қарыз.Олар сондайақ Шығанақтағы соғыс кезіндегі шығындарды да қосып есептеп отыр.

Бұл әрекетердің басты мақсаты Ирақтың қарыз құрсауын босату дейді Уашиңтондағы Халықаралық Экономика Институтының аға қызметкері Эдвин Труман.

"Ирақ қарызын төлеу ісі оның төлену мүмкіндігіне сай кейінге қалдырылып не қайтадан қаралыуға мәжбүр күйде."

Қауіпсіздік Кеңесі қолыма қол Ираққа қарсы экономикалық шектеулерді күшінде қалдырып тек 4-айға мұнайды азық түлікке ауыстыру бағдарламасына ұрықсат беруде.Ирақта орналасқан АҚШ басшылығындағы одақтастар мұнайдан түскен пайда, Ирақ халқының мұң мұқтажына елді қалпына келтіру мен жаңа мекемелер құруға жұмсалуы тиіс деуде.Бірақ өз қарыздарын талап етуші елдер, Ирақ мұнайының Ирақ халқының қажетіне жұмсалуына тосқауыл қойуы мүмкін.

Принстон Университетінің жоғары дәрежелі, банкротық бойынша маманы Патрик Болтоның Азаттыққа айтуынша,егер американ ұсыныстары қабылданса бұл елеулі іс болар еді.

"Бұл ғаламат әсер тудырмақ.Бұл жекелеген қарыз берушілерді бір дастархан басына келіссөздерге отырғызу өте маңызды тірлік."

БҰҰ Даму бағдарламасы адамгершілік көмегін қоспағанда Ирақты қалпына келтіру үшін жылына 10-миллиард доллардың қаржысы қажет деуде.Ирақ егер қарыздарын талап етушілерден құтылса, онда мұнай табыстары елді жаңаша құру мен жаңа инвестицияларды тартуға өз септігін тигізер еді дейді Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Роберт МыкМахон өзінің Нью Йорктен жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG