Accessibility links

Европадағы зейнетақы реформалары наразылық туғызды

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Европа Одағы өз халқының тез қартаюы себебінен зейнетке шығушыларды қаржыландыруда қыйыншылыққа тап болмақ.

1940-1950-жылдардағы "бала туыудың қарқынды өсімі" кезіндегі буын өкілдері зейнетке шыққанда үкіметтің зейнетақыға жұмсайтын қаржылары еселей түседі.Зейнетақы саласына реформалар жасамаса болмайды,бірақ жұмыскерлердің бұған қарсылығы өте күшті,осы себептен кейбір үкіметтер орнынан кету қаупі алдында тұр.

Еуропа халықтары қартайған сайын, ондаған миллион адамның зейнетақысын төлеу, болашақ 30-жыл ішінде, ең өзекті мәселеге айналады,- деп бастайды Азаттық радиосының тілшісі Бреффани О'Роук өз хабарын.

Италия үкіметінің есебіне сай 2000-жылы халықтың үштен бірі зейнет жасында болса, келесі он жылдықта жасы 60-тан асқандардың саны елдің жартысын құрайды.Бұндай ауыр жағдай басқа да, Еуропа мемілекетерін күттіп тұр

Лондонда орналасқан Еуропалық Ревормалар Орталығының талдаушысы Катинка Барыштың айтуынша.

"Бұл мәселені шешу үшін олардың үкіметтері міндетті түрде бетпе бет келеді.Сіз олар қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалай алмай отыр деуіңіз мүмкін, бірақ 30-жылдан соң қалыптасқан зейнетақы саласының қыйыншылықтары алдынан шығады."

Зейнетақы реформалары болмай қоймайды, бірақ европалықтар бұған қарсылық танытуда. Осы ревормаларды іске асырмақ болған Берлускони үкіметті 1994-жылы кәсіподақтармен теке тірестен соң орнынан кетіп еді. Франция бас министірі Әлен Жупе осы себептермен 1995-жылы биліктен айрылды.Бұндай қауіп Венадағы Аустрия Канцлері Волвганг Шислдің бірлескен үкіметіне де төніп тұр.

Бір рет аузы күйген Берлусконй бұл ешкім байланысқысы келмейтін саясый ауыр мәселені Еуропа Одағы шешсін деген сыңай танытады.Әдетте жалпы европалық реформаларды жақтырмайтын Берлускони, өткен айда Еуро Одақ, бұл мәселені өз мойнына алуы керек деді.

Шынтуайтында осы аптада, Одаққа мүше 15-елге басшылық жасаушы Еуро Одақ үкіметті, жекеменшік зейнетақы қорларына кеңірек мүмкіндіктер берді.Ішкі Базар бойынша жауапты өкіл Фриц Болкейштейн Еуро Одақ қаржы министірлерінің шешімін "басты табыс,"-деп аттап өтті.Бұл заң жұмыскерлер жалпы еуропалық тиімді қаржы қорларына ақша салуға мүмкіндік береді,осы арқылы "зейнеткерлік уақыт бомбасын" залалсыздандыруға мүмкіндік туады.

Германияаның Билефельд Университетінің демограф маманы, Юрген Флутман Еуропалықтар зейнетақы мәселесіне етене арласуға асықпайды деп назар аударады.

"Менің ойымша жұрт жекеменшік өз зейнет ақысын төлеудің қажет екендігін ұғынғанша 10 не 20-жыл қажет.Бұл біріншіден жас жұмыскердің өзіне пайдалы.Ал қазір жасы 45 не50-дегі лер үшін бұны талқылаудың өзі қызық емес, өйткені олардың ақша үнемдеуге уақыты тым аз."

Флутманның айтуынша Германияда көпшілік компанияалар жасы ұлғайған қызметкерлерді жұмысқа алмайды.Бірақ адам жетімсіздігі оларды жасына қарамастан пайдалануға мұқтаж етеді.Сондықтан бұл екі мәселе бір біріне қарма қайшы дейд.

"Бұл жағдай өзгеруі керек.Қарап көріңісші өмірлік тәжірбиесі бар аға буын өкілдері бар,бұлардың білген түйгенінен бас тартуға болмайды. Адам құндылығын,дұрыс пайдалана білу керек."

Франция үкімет басы Жөң Пер Референ 2020-жылы зейнетақы жетімсіздігін толтыру үшін, қосымша 57-миллиард доллардың қаржысын әкелетін зейнетақы саласына шағын өзгерістер жасамақшы.Бұл өзгеріске сай, жұмыс жасаушылардың зейнетке шығу жасы бірнеше жылға ұзартылатын болады. Бұнсыз дейді Референ зейнет ақы көлемі 50-пайызға кемиді дейді.

Кәсіподақтар бұған көнгісі жоқ.Осы апта Франция үшін тым шиленісті күйде.Жұмысшы Күшінің ортақ Конфедерацияасының көсемі Жоң Лук Кәзеттің айтуынша, үкімет өз жоспарларына көбірек мағына беруі керек.

"Төменгі зейнетақы деңгейін жақсартуға көңіл бөлінуі тиіс,өйткені біз үстіміздегі жылдарда жапай жұмыссыздық,жарты жұмыс күні,жұмыс қауіпсіздігінің болмауы сынды қыйындықтарға тап болсамыз,бұндай жандарға да, толық зейнет ақылар төленуі тиіс."

Бұндай тұрғыдағы қыйыншылықтар күллі Еуропада бар.Уақыт талап еткенімен, өзгерістерге бірден көне қойу байқалмайды,-деп айақтайды Азаттық радиосының тілшісі Бреффани О'Роук өз хабарын.
XS
SM
MD
LG