Accessibility links

Иракта қатаң тәртіп орнатыла бастады

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Ирақтағы АҚШ тағайындаған жаңа әкім заң бұзушыларға қарсы қатаң тәртіп орната бастады. Үй тонаушыларды атуға рұқсат берілді. Талдаушылар бұндай қатаң тәртіптер ирактықтардың жаңа өкімет құруына септігі деп біліп отыр.

Талдаушылар Ирақтағы АҚШ тағайындаған жаңа әкім Паул Бремердің заң бұзушыларды көрінген жерде атуға рұқсат беруін елде тәртіп орнатудағы дұрыс шешім деп тауып отыр. Вашингтондағы кәсіпкерлік институтының маманы Даниелле Плетка бұл дұрыс шара деп біледі.

Бұл өзі о баста қолға алынуға тиіс шара еді.Сіз полициялық мемлекетке кіріп бардыңыз, полиция тарап кеткен, онда сіз жұрт кенет періште бола қалады деп күтпеуіңіз керек еді.

Бұндай қатаң тәртіп енгізуге Саддам Хусейн режимі құлатылғаннан кейін елде басталған жаппай үй тонау, машина ұрлау, кісі өлтіру тәрізді қылмыстардың етек алып кетуі негіз болды.Ирақ халқына демократия орнатып беремін деп уаде берген Буш әкімшілігі әзірше елде қарапайым көше тәртібін орната алмай жатқаны аян.

Дүйсенбі күннен бастап Ирақтағы Америка әкімі генерал Джеи Гарнердің орнына жаңа әкім болып ьарған Паул Бремер жұмысқа кірісті.Тағайындалған күннің ертеңіне ол елдегі заң бұзушылықпен америка әскері қолына қару алып күреседі деп мәлімдеді.Алай да Бағдадтағы 3 ші америка жаяу әскерінің қолбасшысы генерал Буфорд Блаунт жауынгерлеріміздің өміріне қатер төніп тұрмаған жағдайда біз көшедегі тонаушыларға қарсы оқ атқалы отырғанымыз жоқ дейді.

Нағыз қауіпсіздік қашан орнайды? Халықтың жұмысы болып азық түліктен кемшілік көрмей отырғанда орнайды дейді стратегиялық зерттеулер орталығының маманы Антони Кордсман:

Толық қауіпсіздік орнауы үшін табыс керек, жұмыс керек.

Ирақ халқында соның біреуі де жоқ, адам баласы тыныш өмір сүруі үшін сол аталған күн көріс көзі қажет дейді талдаушы Кордсман. Ал әскери талдаушы Кеннет Алард болса бұл пікірге қосылмайды.Ирақтағы америка әкімі болған Джей Гарнердің Бағдадта болып жатқан тонаушылыққа қарсы күш қолданбағанына таң қалады.

Бұнда аяқ басқанымызға ай өткенде барып қатаң шараны қолға алып жатырмыз

Вашингтондағы Карнеги орталығының маманы Томас Каротерс болса Ирақтағы жаңа америка әкімі Бремердің бұндай қатаң тәртіп орнатып жатқанын қолдау керек алай да осыдан кейін қарулы америка әскері қарусыз тонаушыларды атқылап жатса ол қате болады деп біледі. Шама келсе аз ату керек деп біледі ол. Жаңа әкім Бремер жаппай тонаушылықты тоқтату үшін бұндай қатаң шараларды халыққа сес қылып жариялап отырған болар дейді .

Талдаушы, сондай ақ, Бремер әкімшілігі аудармашыларды көбейтуі керек деп біледі.Әскери күш жергілікті халықтың тілін түсінгенде ғана жергілікті жерде тәртіп орнауы мүмкін дейді.

Егер осынау тәртіп орнатушы әскерлер тәртіп орнатпақ ниетте халықпен түсініскен жағдайда ғана тәртіп жақсара бастамақ.

Бұл ұсынысты кәсіпкерлік инстиутының маманы Даниеле Плетка түкке алғысыз етеді.

Бұл мен бұрын соңды естігендерімнің ішіндегі ең ақылсыз ұсыныс.Сонда қалай біз аудармашы таба алмай отырғанымыз ба ?

Бұл талдаушы ирақ оппозициясын елге қайтарып Саддамнан кейіңгі Бағдадты соларға басқарту керек еді дейді.Талдаушы ҚШ Мемлекеттік Департменті Ирақты басқаруға Ирақ оппозициясын тартуға сенімсіздікпен қарап отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG