Accessibility links

12 мамыр – медбикелер күніне байланысты, медицина қызметкерлерімен жүргізілген сұхбат


Қазақстанда 12 мамыр - мейірбикелер күні болып реми түрде белгіленген. Алматы қалалық №1 клиникалық аурухананың мейірбикелері өздерінің төл мерекелерін атап өтуді дәстүрге айналдырған.

12 мамыр - мейірбикелер күнін Қазақстандағы ірілі-ұсақты ауруханалардың барлығы кішігірім мерекелік шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.

Бұған аурухана әкімшілігі тарапынан қаржылай көмек қарастарылмағанымен, төл мерекелерін атап өтуді жөн санаған мейрбикелер арнайы кештер ұйымдастырып, бұл күнді қызықты өткізуге тырысады.

Алматы қалалық №1 аурухананың мейрбикелері де, мамырдың 12-і күні мерекелік дастархан жайып, концерттік бағдарлама әзірледі. Оны тамашалауға көбіне аурухананың еңбек ардагерлерімен қатар мейірбикелердің бұрын бірге қызмет жасаған әріптестері келді. Солардың бірі – Бикамал Әміржанова. Ол медицина саласында 25 жылдан астам еңбек еткен. Ал қызметінен кетуіне кәсіптік жарақат алғандығы себеп болған. Алайда, қызмет барысында ауыр жарақат алған Бикмал Әміржановаға орын алған оқиғаға жайында акт жасалынбай қалған. Осының салдарынан Бикамал Әміржанова өзіне тиісті көмектен қол үзіп отыр. Бағдарламада ол: “Кәсіптік жарақат алған сәтте маған акт толтырылған болса, мен қазіргі мейірбикелердің жалақысының көлемінде жәрдемақы алып отыратын едім”,- дегенді айтады. Сондай-ақ, хабарда Бикамал Әміржанова орын алған оқиға жайында кеңірек әңгімелейді. Айтар болсақ, стоматология бөлімде қызмет жасап жүрген кезінде, бөлімге келіп түскен 16 кг-дық , 100 қапты қабылдап алған Бикамал Әміржанова, оны кабинетке кіргізбек болып, ауыр жүкті тасып жүргенде беліне салмақ түсіп, қатты зақым алады. Басынан ауыр тауқіметті өткізген Бикамал жарақат алған кезінде акт туралы ойлауға да шамасы келмегендігін айтады. Ал, қанша жылдар бойы бірге қызмет жасаған әріптестері бұл арада селсоқтық танытқан екен. Ал, ауыр жарақаттан кейін оған 3 операция жасалыпты. Осылайша бірнеше ай дегенде ауруханадан шыққан Бикамал Әміржанова болған оқиға жайында акт толтырылмай қалғандығын айтып, аурухана әкімшілігіне барыпты. Бірақ, бәрі өкінішпен біткен екен. Себебі, Аурухананың бас дәрігері “Актыны 3 күнде толтыру қажет болатын”- дегенді айтып, шығарып салыпты. Ал бұл жарақаттан кейін, балдаққа танылып қалған Бикамал Әміржановаға дәрігерлер 2-ші топтағы мүгедектікті беріпті.

Сұхбат барысында Бикамал Әміржанова - медицина саласын таңдауына бала кезден аурушаңдығы себеп болдын алға тартады. Сондай-ақ, ол - қазіргі таңда Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігі нашарлап кеткендіктен , емделуге де мүмкіншілігі жоқ дегенді айтады. Бұл жайында Бикамал Әміржанова хабарда былай дейді: “Мысалы, мен өзім тұратын Калқаман ықшам аудандағы тұрғындардың арасында арнайы медициналық орындарға барып, ем алуға қалталары көтере бермейтін адамдар баршылық. Солардың көбі менен көмек сұрап келеді. Мен оларды алдымен өздерінің дәрігерлеріне жіберемін. Дәрігер ем жолдарын көрсетіп бергенен кейіін барып қана , мен оларға көмек көрсете аламын. Мәселен, система қойып беремін, укол саламын, қан қысымдарын тексеремін және тағы басқа қолдан келген көмегімді жасаймын” дейді.

Хабар барысында өз ойларын ортаға салған Алматы қалалық 1-ші клиникалық аурухананың мейірбикелері , әлеуметтік жағдайларының нашар екендігін айтады. Әсіресе, баспанасыздықтан қиналған олар, ескі жатақханаларды жалдап тұрып жатқандығын қынжыла баяндайды. Тіпті мұның өзіне қол жеткізе алмай отырғандарда бар екен. Сондай-ақ, төл мерекелерін өз күштерімен, яғни өз қаражаттарын ортаға салу арқылы атап өтіп жатқан мейірбикелер айлық жалақыларының төмендігінде тілге тиек етеді.
XS
SM
MD
LG