Accessibility links

Қытайда бүгін тағы төрт адам Сарс-тан көз жұмды.


Қытай бүгін өз елінде Сарс-тан тағы да 4 адам өліп, 52 адам бұл аурумен тіркелген оқиғасын қабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде осы Сарс, яғни өкпенің қатты қабынуы сынды қауіпті аурумен қайтыс болғандар саны 271-ге жеткені айтылған, ал жұқтырғандар 5000-нан асып отыр. Қытай сондай ақ, Сарс ауруымен басқа да жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату үшін ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесіне көп қаржы- қаражат салу керектігін айтуда. Қытай Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Луй Джиан (Luin Jian) дегенмен ауылдық елді мекендерде Сарс ауруының таралуы кең етек ала қоймағанын айта келе, Сарстың ауылдық жерлерге таралуы қаупі айтарлықтай төніп тұрған жайына қарап, біздер осыған үлкен мән беруіміз қажет деген. Қытай үкіметі енді Сарс ауруын біле-тұра таратып, карантин тәртібін бұзған адамдар қатаң жазаланып, олар өлім жазасына тартылып немесе өмірлік түрмеге жабылады деп қабарлаған. Қытай Жоғарғы соты мен бас прокуроры індеттің жаппай етек алуына байланысты мұндай шешімді қабылдаған. Осыған дейін Қытайда жұқпалы аурумен ауырған адамдар жабық емделуден қашып кеткен оқиғалар болған. Жалпы әлем бойынша бұл аурудан өлгендер саны 600-ден асып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG