Accessibility links

БҰҰ-ның арнайы өкілі Ауғанстандағы қауіпсіздік күштерін одан әрі ұлғайтуды ұсынды


БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілдік басшысы Лахдар Брахими қауіпсіздік шараларының әлсіздігі салдарынан елдегі сақтық деңгейінің төмендеп кеткені жөнінде дабыл қағып отыр.

Әсіресе Қабыл қаласынан тыс жерлерде бейбітшілік сақтау күштерін нығайту аса маңызды дейді ол.

Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Лахдар Брахимидің айтуынша, 2004 жылға белгіленіп отырған сайлаулар қарсаңында Ауғанстанда етникалық қақтығыстар мен ұлттық және халықаралық ресми өкілдерге қарсы шабуылдар өрістей түсуде. Сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ол аталған елде бейбітшілік жағдайын сақтап тұру қиындай түсуде.

Бұған орай 2001 жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ның ұйымдастыруымен болған Бонн конференциясының мақсаты, елде бейбітшілікті сақтап тұру ісін баянды ету күрделенген-,деді. Өткен тамыз айында келген НАТО-ның басқаруындағы бұл күштер содан бергі аралықта кеңейген емес. Осы кездесуден кейін Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстанның барлық көрші елдерін бейбіт жағдайды сақтап тұруға көмектесуге шақырды.

Кеңес өз үндеуінде Ауғанстанның ұлттық әскері мен полиция күштерін қалыптастыруға көмектесуді де сұрады. Бұдан бұрын сөйлеген сөзінде Брахими мырза Ауғанстанмен әріптес болушы барлық елдер мен тараптарды бұл ел ішіндегі түрлі қарулы фракция басшыларымен қандайда бір іс жүргізбеуге шақрыған болатын.

“Жекелеген әскерлер мен түрмелердің жане өз бетімен қамауға алудың қандайына болмасын бұл елде орын жоқ. Ұйымдасқан қылмыс пен етникалық және басқа да ерекшеліктерге байланысты кемсітушілікке жол берілмейді,-деген болатын Брахими мырза. Халықаралық бейбітшілік сақтау күштеріне қосымша, бұл елде тағы АҚШ-тың бастауындағы коалицияның 10 мыңнан аса әскерилері бар. Олар елде Талибан және әл-Қайда ұйымының жауынгерлері қалуы мүмкін деп, іздестіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өткен аптада сөйлеген сөзінде АҚШ Қорғаныс хатшысы Доналд Рамсфелд "Ауғанстандағы әскери шаралар негізінен аяқталды. Ендігі жерде ол күштер азаматтарға көмектесу мен қайта құру жобаларын іске асыруға күш салатын болады" деген еді. Бұдан екі апта бұрын болған Пәкістан ел басы Первез Мушараф пен Ауғанстан өкімет басшысы Хамид Қарзай арасындағы кездесу де негізінен осы тақырыпты қамтыған еді. 11 қыркүйек оқиғасынан бергі аралықта Пәкістан ресми орындары 400-ден аса Талибан және әл Қайда ұйымына қатысы бар, деп күдікке ілінгендерді ұстаған болатын. Мұның өзі террорлық арекеттерге қарсы күрес пен Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіруге Пәкістанның қаншалықты көмектесіп жатқандығын айғақтаса керек.

Европа одағының Сыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана да осы проблемаларға тоқталып өткен болатын. Бұл пікірлерін Солана мырза БҰҰ-ның бас пәтерінде Таяу Шығысқа арналған Жол картасы мен соғыстан кейінгі Ирактағы жағдайды ақылдасу кезінде айтқан еді.

“Сайлаулар 2004 жылы болмақшы. Сол сайлаулар қарсаңында тындырылуы тиіс талай шаруалар әлі күнге дейін атқарылмай келеді. Ендеше сол проблемалардың шешілуіне барынша жұмыла кірісу керек. Бұл бағыттан басқа жаққа ауытқуға болмайды. Сонда ғана діттеген мақсат орындалмақ-, деді Солана мырза.

Сол 2004 жылы болатын сайлауларға тіркеу шаруасына дайындықты қазірдің өзінде бастап кетуді БҰҰ жоспарлап отыр. Сайлаулар қарсаңында қауіпсіздік бағытында үш мыңдай ауғандықтар арнайы дайындықтан өтетін болады. Ол күштер Ауғанстандағы 400-дей елді мекендерде болып, мыңдаған ауылдарды араламақшы,-дейді Азаттық радиосының БҰҰдағы тілшісі Роберт Мкмахон.
XS
SM
MD
LG