Accessibility links

АҚШ Ирақтағы соғысқа қолдау көрсеткендерді қолдап,сын айтқандарды жазаламақ.


Уашиңтон Ирақ соғысына байланысты қолдау көрсеткен елдерге сыйлық беріп,керісінше қарсылық танытқан елдерге қысым жасамақ.Польша Ирақта бейбітшілік сақтау бойынша өзі бір өлкеге Уашиңтоның ризалығымен ие болса,оның есесіне Франция мен АҚШ қарым қатынастары мәз емес.

Буш әкімшілігі Ирақтағы соғысқа қолдау көрсеткендерді марапаттап, оның есесіне Франция сынды Саддам Құсейінді биліктен кетіруге тосқауыл қойғандарды жазаламақ ниеті бар екендігі байқалады,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Джеффри Донован өзінің Уашиңтонан жолдаған хабарын.

Ирақтағы қолдау көрсеткені үшін ең жоғарғы мәртебе Польшаға беріліп отыр,АҚШ Ирақта құрмақ үш әскери аймақтағы халықаралық қосындарға аймақтардың біріне Польша басшылық жасайтын болады.Ал қалған екеуіне АҚШ пен оның ең сенімді одақтасы Британия басшылық жасайды.

Варшавадағы жоғарғы дәрежелі ұлықтардың айтуынша, бұл берілген тарихи мүмкіндік Польшаны басшылық мәртебеге жетелейді.Польша тұрақтылық сақтау күштерінің қатарына Германия мен Данияаныңда қосылуына шақырып отыр.

Варшава АҚШта білім алған экономист,бұрынғы Қаржы министірі Марек Белканы Ирақты Қалпына келтіру мен Гуманитарлық салада басшылық жасаушы АҚШ әкімшілігінің басшысына орынбасар ретінде ұсынып отыр.

Сейсембі күні Мемілекеттік хатшы Колин Пауелл Ирақ соғысы басталмас алдын болған айтыс тартыстарда Варшаваның қолдау көрсетіп, әрі 200-дей қосын мен кеме және химияалық қарудан қорғану құралдарын аттандырғаны үшін Польша Сыртқы істер министірі Владимир Тимошевичке өз алғысын білдірді.

" Польша халқы Құрама Штатарға жақсы достық таныты,және аса тоқталатын мәселе, олар Ирақ халқына жақсы дос,өйткені олар Ирақ халқын азат етушін одақтастарды қосылуды жөн көрді"

Ақпарат құралдарының хабарлауынша АҚШ ризашылығының тағы бір белгісі, ол АҚШ ел басы Джордж Буштың осы айдағы Мәскеудегі жоғарғы дәрежелі бас қосуға бара жатып, жолда Польшада айяалдауы.

Егер Польша әлемдегі бірден бір алпауыт елдің серіктесі ретінде назарға ілініп тұрса, АҚШтың басқа одақтастарына, байланысты Уашиңтоның көзғарасы мүлде өзгеше.

Сейсембі күні жарық көрген санында "Уашиңтон Таймс" басылымы атты аталмаған бір АҚШ Қауіпсіздік сақтау ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, Франция бұрынғы Ирақ режимінің мүшелеріне Сурия арқылы виза беріп Еуропаны паналауына мүмкіндік берген.

Бұл хабарландыру Уашиңтон мен Париж төл құжат пен басқада жүріп тұруға қажетті құжатарды қолдан жасауға қарсы пайдаланатын жаңа биологияалық негізде құрылған технологияаларды бірлесе пайдалану бойынша келісімге қол жеткізгеннен соң жарық көріп отыр.

Уашиңтондағы Франция елшілігі визаларға байланысты хабарды теріске шығарады. Бұл мағұлыматарды не Ақ үй, не Мемілекеттік департамент растамады.Сейсембі күні Сыртқы істер мекемесінің өкілі Ричард Баучер ақпарат құралдарының өкілдеріне былайша мәлімдеді.

" Менің ойымша кез келген ұлт өзінің бұрынғы қылықтарына жауап беруі тиіс,олар атқарып не атқармаған істерін екшелеуі керек"

Уашиңтонда орналасқан консервативтік Херитейдж Фоундейшн талдау орталығының Британ текті ақылманы Нил Гардинердің пайымдауынша, Баучер өз мәлімдемесін Ирақ соғысына әлемдік қарсылық танытқан елдер Франция, Германия және Ресей сынды елдерге қарата айтты.

Соғысқа байланысты,- дейді Гардинер, Азаттыққа, Буш әкімшілігі АҚШ саясатына қолдау көрсеткендерге белгілі бір сый сыйапат көрсеттіп, және бұған қарсылық танытпақ болғандарға белгілі бір шаралар қолдан бақ.

" Менің ойымша АҚШ –Британ әскери қыймылдарына қолдау көрсеткен елдер Құрама Штатарға өздерінің сенімділігін көрсетті.Және АҚШ Ирақ режимімен әр қыйлы қатынастарда болған елдерге қарсы, кейбір қадамдарға баруы мүмкін.Және менің ойымша француздар,орыстар және немістер бұл елдердің қатарына жатқызылады."

Бұндай қадамдар болса, ол қандай қадамдар,мәселен Уашиңтон Францияаға қарсы не істеуі мүмкін ?- деген сауалға Гардинер ештеңке айта алмады.Тайауда Пауелл мен өзгеде ресми өкілдер Париж өзінің әрекетерінің кейбір салдарларын тартатын болады,- деді,әйткенмен.

"Уашиңтон Поста" жарық көрген мақаланың шын өтірігін анықтау қыйын,бірақ бұл туралы жазған Билл Герц қауіпсіздік сақтау орындарымен жақсы байланыстағы репортер екендігі белгілі.Егер бұл хабар расталар болса,онда бұның АҚШ-Франция және Британ-Франция қатынастарына тигізер ықпалы "орасан,"-дейді Гардинер.

" Бұл шынайы орын алған оқыйға деуге айтарлықтай себептер бар,және менің ойымша бұл Франция мен Ирақ қатынастардағы мұз таудың тек шоқысы ғана.Бұл соңғы хабарларға сай француздар Ирақ режиміне қолдау көрсетіп, және Ирақ әскери қылмыскерлерінің жазалаудан құтылып кетуіне жәрдемдескен,бұл ақ қарасын анықтайтын өте маңызды мәселе."

Ал бұл уақытта Польша өзінің жаңа мәртебесіне мәз,және Еуропа Одағындағы Германия мен Францияаның алдындағы өз жауапкершілігіне қымсынбайды.Варшава 2004-жылы Еуро Одаққа қабылдануы керек.

Кейбір Германия басылымдары Польшаны АҚШтың "Тройаның ағаш атымен " теңеп, ол Уашиңтонға Еуропа Одағын бөлшектеп әрі жеңіу үшін қажет,-деп суретеді.Тайауда жасаған мәлімдемесінде Германия Сыртқы істер министірі Йошка Фишер, Польша АҚШтың Ираққа қарсы күш қолдану, не қолданбау мәселесіндегі Еуропалық тұрақтылықты бөліп, ортасына сына қағу үшін қажет деді.

Польшаның бұрынғы Қорғаныс және Сыртқы ісер министірліктерінің өкілі қазір Американың Интерпрайз Институтының Уашиңтондық талдау орталығының қызметкері Радек Сикорский Азаттықа, Варшава екі жақпенде "Еуропалық және НАТОлық одақтасыменде жақсы болуды" қалайды,бірақ қазір өзін қысылыңқы күйде сезінеді,-дейді.

" Польша біздің Францияалық және Германияалық достарымыз бен көршілес,біз Еуропамен Американың арасынан таңдағымыз келмейді.Біз екеуімен де,қарым қатынастарда болуды қалаймыз.Еуропа біз үшін экономикалық тұрғыдан маңызды,және біз өзінің табиғаты жағынан саясый және экономикалық қауымдастыққа айланып отырмыз.Бірақ қауіпсіздік саласында Америка азат әлемнің көш басшысы, және Америкаға қарсы шабуыл жасалды,біз одақтастар, Американың әрі қарайда жетекшілігін сезінеміз."

Ал Гардинердің айтуынша Американың әлемдегі рөліне байланысты емес,алауыздық Еуропаның өз ішінде басым.Херитейдж Фоундейшінің талдаушыларының айтуынша бұндай айтыс тартыс Еуропаның болашағына байланысты,бір жақ Франция мен Германияаның басшылығында, Еуро Одақты бір орталыққа бағынған жоғары дәрежелі мемілекет ретінде көргісі келсе, екінші жақ Британия,ол "ұлтық мемілекеттердің мызғымастығын" қолдап еркін федеративтік құрылым болуын қалайды.

Уашиңтонда Польша Сыртқы істер министірі Тимошевич тұрақтылықты сақтау қосындарының құрамында Дания мен Германия жасақтарының болуын қалайтындығын қайталап айтты.Аталмыш елдер Польшамен бірлескен қолға ие.

Германия сейсембіде, өзінің Уашиңтонмен тайаудағы түсініспестіктерін шешу үшін, егер БҰҰйымы Ирақтағы бейбітшілікті сақтау үшін, қол атандыруды қажет- деп тапса,онда ол дайын болады,-деді.

Бірақ Германия Қорғаныс министірі Питер Струк Польшаның ұсынысын салқын қарсы алды.Ол сондайақ АҚШ Қорғаныс министірі Дональд Рамсфелд оған АҚШ Ирақта тұрақтылық орнату үшін АҚШ БҰҰйымының шешімін қалайтындығы турасында айтқаны жайлы тоқталды.

Тимошевичте, Британияаның қуатты қолдауындағы БҰҰйымының шешімін Польша қалайтындығы туралы тоқталды.Уашиңтондағы ресми өкілдер, әзірше бұл мәселе бойынша БҰҰйымының қолдауын сұрайтындықтары турасында ештеңке айтқан жоқ.

Қазіргі таңда Ирақта жайғасқан 135-мыңдық АҚШ қолынан басқа, тұрақтылық сақтау қосындарының көлемі қанша болатындығы белгісіз.Польша ресми өкілдерінің айтуынша олар алғашында 1-жарым мыңдық қолды атандыра алатындықтары туралы мәлімдеді.Олардың айтуынша АҚШтық салық төлеушілер Польшалық бейбітшілік сақтау қосындарын қаржыландырулары тиіс.

Басқада соғысты қолдаған Украйна, Италия, Испания, Дания, Бұлғария, Голандия және Албания сынды елдер өз әскерлерін ұсынды,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Джеффри Донован өзінің Уашиңтонан жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG