Accessibility links

Ресейдің кедей денсаулық сақтау жүйесі өкпенің өзгеше қабынуына төтеп бере ала ма?

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Ресейде өкпенің қабынуын жұқтыруы сезігімен 20-дан аса адамның емханаға түскені айтылып, ғаламат кеңістікте орналасқан басқарылуы нашар елде тез таралады деген қауіп бар.

Мыңдаған адамадар ауру жұқтырған Қытайдан өкпенің қабынуы өзге елдерге таралып жатыр деген қауіппен қоса Ресейде СПИД және түбіркулез сынды аурулурмен күрестің өзі маңдытып тұрған жоқ,сондықтан шығыстан шыққан жаңа індет Ресейде кең таралып кетеді деген үрей бар.

Қытаймен шекаралас әрі мыңдаған заңсыз мигрантар келіп жатқан Ресей 21-ғасырдың жаңа эпидемияасы, өкпенің өзгеше қабынуы сынды жаңа вирус пен бетпе бет келіп отыр деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Грегори Фейфер өзінің Мәскеуден жолдаған хабарын.

Ресми өкілдердің айтуынша Ресейде нақты өкпенің өзгеше қабынуын жұқтырғандар туралы ақпарат жоқ,бірақ оны жұқтырғанда сезіктілер қатары артып отыр.Сейсембі күні Ресейдің денсаулыққа бақылау жасаушы бас мүдірі Геннади Онощенко елдің Қыйыр Шығысында ауру жұқтырғанда сезікті бірінші жағдай туралы хабарлады.

"Қазіргі таңда бізде 20-дан аса адамның өкпенің өзгеше қабынуын жұқтырғанда сезікті адам бар.Мен әсересе Благовещенск қаласындағы жатаханада тұрған бір 25 жасар жігітің жағдайына алаңдаймын ол 1 мамыр күні емханаға түсті."

Әлем бойынша өкпенің өзгеше қабынуынан ең көп адам Қытайда көз жұмды, бұл ауру тыныс жолдары арқылы тарайтын аурулар ішінде өзгешелеу.Бірақ Ресейлік ресми өкілдер, өздерінің қауіпті инфекцияалық аурумен күресуге өздерінің мүмкіндіктері бар екендігі туралы айтады.

ИТАР-ТАССтың хабарлауынша бас министірдің өкілі Борис Алеошин сейсембі күні, былай деп мәлімдеген: "Біз өкпенің өзгеше қабынуы сынды жұқпалы аурудың грип, не тұмау арқылы таралуына қарсы тұратын технологияаға иеміз."

Ресми өкілдердің айтуынша олар күллі ел бойынша, оның ішінде Мәскеу әуежайлары мен теміржолбекетеріндегі бақылауларды күшейте түскен.Басты назар Қыйыр Шығысқа аударылып отыр,өйткені бұл атырапта ауру ең көп таралған.

Үкімет өзінің Қытаймен шекарасын толық жабу мәселесін қарастырып жатқандығы туралы айтуда,әлемдегі ең жан саны көп елде, ресми түрде 4-жарым мыңдай адам ауру жұқтырған.Қытайда өкпенің өзгеше қабынуынан, 214-адам көз жұмды.Әлем бойынша 497 жан жан тәсілім еткен.

Ресейдің денсаулыққа бақылау жасаушы бас мүдірі Геннади Онощенконың айтуынша.

"1 және 2 мамыр күнгі мейрамдардан соң шекара жабылды.Онда ол қайта ашылды.Бүгінен бастап ол қайтадан жабылды.Біз қытайларға Қытайға оралуларына мүмкіндік береміз,және өз азаматтарымызды елге кіргіземіз,бірақ екі жақты барыс келіс жоқ."

Басқа да Азия елдеріне де саяхатшылау тоқтаған.

Ресей дәрігерлері үкіметтің өкпенің өзгеше қабынуы мен күресуге шамасы келетіндігіне күмән танытады.

Мәскеу Вирусология Зертеу институтының басшысының орынбасары Петр Дериабинің айтуынша аурудың қалайша дамыйтындығын анықтау үшін уақыт қажет, бірақ денсаулық сақтау саласының басшылығы өкпенің өзгеше қабынуын жұқтырғандарды анықтап, әрі оларды оқшауландыруды қолға алмақ.

" Ресейдің мемілекеттік бақылау жасау бойынша бағдарлама бар,оған сай егер өкпенің өзгеше қабынуы анықталар болса онда жұқпалы аурулар бойынша аймақтық бөлімшелер ондай ауру жұқтырғандарды күшпен оқшаулайтын болады."

Өкпенің өзгеше қабынуы қаупі барына қарамастан Институтың барлық қызметкерлері Жеңіс күніне байланысты мамырдың 12-іне дейін мерекелік демалыста,- дейді ол. "Газета" атты басылымның сәрсембі күні хабарлауынша Ресейлік қандай мекеменің жаңа ауруды зертеп жатқандығы белгісіз.

Мәскеудегі Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімі, бұл БҰҰйымының арнаулы ұйымы бұл кеселмен күресіп жатқан мекеменің Ресейде қандай алдын алу шаралары жасалып жатқандығы бойынша сауал қойылғанында, оған жауп бере алмады.Бірақ тәуелсіз мамандардың айтуынша өкпенің өзгеше қабынуы Ресейге қауіп төндіріп отыр.

Андрей Славитский Бас пәтері Бельгияада орналасқан Дәрігерлерге шекара жоқ,- атты ұйымның Мәскеулік кеңсесінің дәргерлік нұсқаушысы.Оның айтуынша өкпенің өзгеше қабынуын бірден өзге тыныс алу ауруларынан айру өте қыйын себебі олардың сыйпатары көбіне бір біріне ұқсас келеді.

" Өкпенің өзгеше қабынуын өзге аурулардан бірден ажыратып алу үшін, көп жұмыс атқарылуы тиіс.Мен Ресейдің әртүрлі деңгейдегі денсаулық сақтау мекемелері оны басқа аурулардан айна қатесіз ажыратып алуға шамасы келетіндігіне күмәнданамын."

Славитскийдің айтуынша өкпенің өзгеше қабынуы қаншалықты қауіпті екендігін айту қыйын, өйткені, бұл ауру туралы көп нәрсе белгісіз.

Оның айтуынша солтүстік белдеуде тынысалу аурулары көбіне қазан айымен, мамырға шейін кең таралатын, әдетті бар.Өкпенің өзгеше қабынуы жаз айларында өзінен өзі сайабырсый ма ?-деген сауал туындайды.

Ресми орындарды сынаушылар үкімет елдің ашық шашық жатқан мемілекеттік шекараларына бақылау орната алмауда деуде.

Славитскийдің айтуынша заңды заңсыз шекарадан өту жолдарын күшейтуден гөрі өкпенің өзгеше қабынуы сынды аурудың таралуына тосқауыл қойушы арнаулы дәрәгерлер бригадаларын қамдауға көбірек көңіл бөлген абзал.

Оның айтуынша ауру жұқтырған адам анықталар болса онда оны 10-күн ішінде оқшаулау Ресейдегі көпшілік халықтың негізігі денсаулық сақтау мүмкіндігінен айрылып отыруы себебінен қыйындай түседі.Ресейдің денсаулық сақтау саласы Совет Одағы күйрегенен соң, жылдан жылға құлдырай түскен.

Бұрынғы тәжірбие жаңа үміт тудырып отырған жоқ.Өйткені Ресейдің денсаулық сақтау саласы СПИТтің тез таралуына қарсы тұруға дәрменсіз болды,ресми түрде елде 230-мыңнан аса адам ауру жұқтырған,бірақ медицина саласының мамандарының айтуынша шынтуайтында 1-миллиондай адам ауру, әрі олардың тек шағын бөлігі ғана емделуде.СПИТтың таралуына қарсы қоғамдық шаралар тым мардымсыз.

Әлемдік денсаулық сақтау мекемесінің хабарлауынша,жер шарының өзге елдерінде байағыда, тоқтатылған түбіркулезді, Ресейдің денсаулық сақтау саласы құрт ауруының таралуы мен күресуге де, шамасы келмейді.

Реседе жыл сайын 30-мың адам, түбіркулезден кетеді.Әлемдік денсаулық сақтау мекемесінің айтуынша ең басты аурудың таралуына тосқауыл қойу үшін дәрі дәрмек қоры жетімсіз,әрі халықтың өз денсаулығын бағалау мәдениеті тым тайаз.

Құрт ауруы әсіресе адамдарға лық тола түрмелерде, жапай таралған,бостандыққа шыққан бұрынғы абақтыдан шықандар оны өзгелерге жұқтыруда.

Славитскидің айтуынша шынтуайтында, елдің денсаулық саласы инвекцияалық аурулармен нәтижелі жұмыс атқаруға шама шарқы жеткілікті,бірақ, бұрынғы Совет Одағындағы бір орталықа бағынған темірдей тәртіп жетіңкіремейді.

" Жаңадан қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жүйеде өкінішке орай, аурудың таралуын тез, әрі тиімді түрде бақылауға алу бойынша талаптар жетіңкіре бермейді."

Үкіметтің өкпенің өзгеше қабынуына қарсы қабылданған шаралар шамалы, Ресей теле арнасы сәрсембі күнгі хабарында Мұңғыл мен Қытайдан келген қанаршы саудагерлерінің Қыйыр Шығыста поездардан түсіріліп жатқанын көрсетті.

Бірақ Славитскийдің айтуынша, аурудың Ресейде пайда болуы бәлки, елдегі эпидемиялармдың алдын алуға, өз септігін тигізер деген үмітте,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Грегори Фейфер өзінің Мәскеуден жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG