Accessibility links

Есірткі тасымалы өкіметтердің оларға қарсы күресіне қарағанда “жақсы ұйымдастырылған”


Есірткі тасымалымен күрес әлем өкіметтерінің бір үлкен бас ауыруы екені аян. Бұл тақырып - жуырда Ташкентте өткен халықаралық семинар мен осы күндері Прагада өтіп жатқан ЕҚЫҰ Эконмикалық Форумының да күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.

ОБСЕ немесе Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Прагада өтіп жатқан экономикалық Форумы күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі есірткі тасымалының экономикаға апаты әсері туралы.Жуырда Ташкентте өткен халыкаралық семинар дағы есірткі тасымалының экономикаға әсеріне арналды.Ол семинарды басқарған голландиялық дипломат Даан Евертс Прага форумына да басшылық етуде.Форум мақсаты туралы Евертс былай деді:

- Осында Прагада біз азғана күн ішінде бір нақты ұсыныстар дайындамақпыз.Ұсынылған шаралардың қаншалықты өміршең болмағына назар аударамыз.Бұны біз біраз талдап талқыладық деп ойлаймын. Енді біз бұ мәселеде пәрменді де нақты шаралар, ұсыныстар топтамасын жасаудамыз.Біздіңше есірткі тасымалы өкіметтердің бұл қылмысқа қарсы күресіне қарағанда шебер ұйымдастырылған, - дейді, Даан Евертс.

Прага форумын ашқан БҰҰ ның есірткі мен қылмыс кеңсесінің директоры Антонио Мария Коста әлемде есірткі тасымалының күретамыр төрт жолы бар деді. Оның бірі ауған апиындарының Орта Азия арқылы Еуропаға ағылатын жолы.Форумның беташар сөзінде БҰҰ өкілі Ауғанстанда 1980 жылы 200 тонна апиын өндірілсе, 2002 жылы ол көрсеткіш 3,5 мың тонннаға жетті деді.Соның салдарынан, мысалы, нашақорлар саны Ресейде 1998 жылмен 2001 жыл арасында, яғни, 3 жыл ішінде екі есеге көбейген.Форумда Халықаралық дағдарыс тобының өкілі есірткі тасымалы жөнінде Орта Азия өкіметтері толық мәліметтер бермейтінін атап өтті.

Мысалы, Түркменстан өкіметі бұл ел арқылы орасан мол есірткі тасылатындығына қарамастан 2002 жылы небары 55 кг героин тәркіледік дейді. Ал, Өзбекстан болса 2002 жылы 800 кг есірткі тәркілеген.Прага форумына қатысып отырған Тәжікістан өкілі Ходжамахмад Омаров осынау заңсыз есіркті тасымалынан жекелеген адамдардың қаншалықты зардап шегіп жатқанын айналып өтуде деді.Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Орта Азия өкіметтерінің көңіліне келіп қала ма деп көп нәрсені ашық айтпай отыр деді. Орта Азия өкіметтерінің арасында тікелей немесе жанамалай есірткі тасымалымен айналысып отырған өкіметтер де бар деді.

Радиомыздың тілшісі Прага форумына торағалық етуші Даан Евертстен Ауғанстанда тек дала сарбаздары емес, сондай-ақ, жаңа Ауғанстан өкіметінің де бұл қылмысқа байланысы бар екені рас па деп сұраған еді. Жаңа ауғанстан өкіметінің есірткі тасымалына байланысы бар екенін Евертс растай алмаймын деді. Дала қолбасшыларының бұл қылмыспен айналысатыны рас деді .

Соныңмен есірткі тасымалы жалғыз есірткі өндіріп отырған елдердің проблемасы емес. Ол есірткі жеткізілетінін елдердің де проблемасы.

Есірткі тасымалымен кім айналысып отыр? Одан түскен ақша қайда жұмсалып жатыр? Бұның бәрі жауабын күтіп тұрған сауалдар деді Евертс. Прага форумында Ауғанстан делегациясының орны бос тұрды деп жазады тілшіміз. Прага форумына қатысқан есірткі жөніндегі маман, Американың Питсбург университетінің профессоры Фил Уилиямс жаңа Ауғанстан өкіметі бұл елдегі есірткі өсірушілерге қарсы майдан ашпай отыр деп біледі.

- Ауғанстанда ақша табудың негізгі көзі апиын өсіріп, героин тасымалдау екені аян. Ауғанстан өкіметі елді толық заңға бағындыра алмай отырған жағдайда, халықаралық қауымдастықтың есірткіге қарсы шабуылды деп бұл өкіметке қысым жасауы да оңай болмай отыр, - дейді Фил Уилияамс.

Жуырда Ташкентте өткен есірткі тасымалына қарсы күрес семинарының мақсаты есірткі тасымалына қарсы күресте ОБСЕ мен БҰҰ ның ынтымақтастығын орнату болды. Ташкентте есірткі тасымалының аймақтық қауіпсіздікпен экономикалық зиянына тоқталған Даан Евертс есірткі тасымалы ұлттық экономика тамырына түскен жегі құрт деді.
XS
SM
MD
LG