Accessibility links

Демография және көші-қон жөніндегі агенттік демография және көші-қон саясатының 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын дайындауда

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Шетелде тұратын бір жарым-екі миллиондай қазақ диаспорасы бүгінгі күннің өзінде тарихи отанына қоныс аударуға дайын.

Қазақстан Республикасы демография және көші-қон жөніндегі агенттіктің төрайымы Алтыншаш Жағанова мамырдың 22-і күні Парламентте өткен отырыста осылай деп мәлімдеді.

Парламент палаталарының көші –қон және отандастармен байланыс жөніндегі бірлескен комиссиясының ұйымдастыруымен өткен отырыста аталған агенттік атқарған жұмыстардың барысы тыңдалды. Алтыншаш Жағанаованың айтуынша, агенттіктің соңғы екі жылдағы жұмысы негізінен орламандар мәселесіне арналыпты. Алайда, атқарылған істің кемшілігі де баршылық.

Оның айтуынша, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан 7000-дай отбасы жоспарланған жерлерге ораналастырылмаған. Агенттік жыл сайын көшіп келу квотасына талдау жүргзіп отырады. Жағанова, 1993 жылғы 10 мыңнан 2001 жылға дейін 600-ге дейін күрт азайып кеткендігін айтты.

Алтыншаш Жағанова соңғы жылдары әсіресе, Өзбекстан, Қытай, Ресей және Түркіменстанда тұратын қазақтардың көшуге ықылыс танытып отырғанын айтты. Оның айтуынша, өткен жылы агенттікке 2003 жылдың көшіп келу квотасына енгізу туралы 50 мыңнан астам өтініш түсіпті. Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов, Алтыншаш Жағанова 15 сұрақ қойды. Оның алғашқысы қаржы мәселесіне байланысты болды.Ол өзінің орламандарға бөлінген қаржы ұрланып жатыр деп естігінен айтып, сұрақ қойды.

Бірақ Жағанова, бір тиын да қаржы ұрланған жоқ деп жауап берді. Ал, депутат Шерхан Мұртаза, сырттағы қазақтарды көшіріп әкелу мәселесін қозғады. Жағанова бұл арда бір жарым, екі миллиондай шетелдегі қазақтың бүгін көшуге дайын екендігін айтты. Бірақ отандастарын бірден милииондап қайтарып алған мемлекет дүниежүзінде жоқ. Бұл жоспарлы түрде болуы керек деді. Демография және көші-қон жөніндегі агенттік қазіргі уақытта деморгафия және көші-қон саясатының 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын дайындауда. Бағдарлама жобасын осы жылдың үшінші тоқсанында Үкімет қарауына тапсыралды.
XS
SM
MD
LG