Accessibility links

Ана мен баланы қорғау және демография мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтеді


Қазақстан Республикасының Парламенті маусымның 20-ында өтетін ана мен баланы қорғау және демография мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауға дайындалуда.

Осы парламенттік тыңдаудың дайындығын жасап жатқан жұмысышы тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты Амангелді Айталының пікірінше, бұл бас қосуда келелі мәселелер көтерілуі қажет. Оның айтуынша, деморграфия мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбей отыр.

Ол биылғы жылды санамағанда 3 мыңдай баланың шет елге кетіп қалғандығын айтты. Сондай-ақ 600-дей баланың өлі –тірісін білмейміз деді. Қазақстан заңдары шетел азаматының бала асырап алуына құқық береді. Алайда депутат Айталы, мұны өзінің қош көрмейтіндігін білдірді. Амангелді Айталы, шетелдік бала асырап алуға әлеуетті адамдардың мәліметтер қорын жасап қойыпты сыртқы істер министрлігі деген де мәселені айтты. Депутат Айталы алдағы болатын парламенттік тыңдауда проблемалық мәселлер жан-жақты талқылап, Үкіметке бағдарлама берсек деген де ойын айтты.
XS
SM
MD
LG