Accessibility links

Қазақстан 2004 жылы Баку арқылы өтетін мұнай экспортын 30 пайызға арттырмақ


Қазақстан 2004 жылы Ақтау-Баку маршруты бойынша жіберілетін мұнай экспортының мөлшерін 30 пайызға арттырмақ, деп мәлімдеді Әзірбайжандағы Қазақстан елшісі Андар Шоқпытов сәрсенбі күні журналисттерге. Бұл ақпаратты22 мамыр күні «Интерфакс-Әзірбайжан» ақпарат агенттігі жариялады. «Биыл тасмалдау мөлшері бұрынғысынша, жылына 2 миллион тонна көлемінде, ол көбейтілмейді де, кемімейді де.Ақтау портына бірнеше айлақ жөндеуге қойылған, бірақ келесі жылы порт тасмалдау мөлшерін ұлғайтұға даяр болады», деді Андар Шоқпытов. Елші атап өткендей мұнай экспортының мөлшерін ұлғайту тікелей Қазақстандағы өндіріс деңгейіне байланысты. «Биыл біз мұнай өндірісінің деңгейін 52 млн тоннаға жеткізбекпіз,2010 жылы-100 млн тонна шикізатқа дейін, әрине, сол себепті тасмалдау мөлшерлері де қлғаятын болады» ,деп атап өткен Андар Шоқпытов. Сонымен қатар, деп атап өтті елші,Ақтау терминалынан мұнай Иранға да экспортталады. Мұнымен қосаАндар Шоқпытов Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан арасында Каспий мәртебесін айқындауда жасалған үш жақты келісімге жоғары баға берді. «Біз үшін бұл келісім нақты координаттарды белгіліп бермек, оның позивті мәні зор» деді дипломат

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG