Accessibility links

Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның стипендиясы тағайындалды.


«Бөбек» қоры мемлекеттің бірінші ханымы Сара Алпызқызы Назарбаеваның стипендиясын тағайындады, деп хабарлайды 22 мамыр күні «ҚазақАқпарат» агенттігі.Демек, үстіміздегі жылдың 1 қырқұйегінен бастап бұл стипендияны жоғарғы оқу орнында оқитын жетім балалар мен көп балалы, әлеіметтік жағдайы төмен отбасының балалары алатын болады. Жаңа стипендияның көлемі 2 мың тенге. Бүгінгі таңда жоғарғы оқұ орнында оқитын жетім балалар орта деңгейде 2 мың 800 тенге, үздік оқитын балалар 3 мың 100 тенге алады. Сара Назарбаеваның стипендиясын тағайындаған «Бөбек» қоры бұл мақсатта 500 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бөліп отыр.Қазақстан бойынша, Сара Алпысқызының стипендиясына 2 мың 500 адам үміткер, деп хабарлайды «ҚазақАқпарат» агенттігі.
XS
SM
MD
LG