Accessibility links

Ирак саяси партиялары Уақытша өкімет құру ісінің кешігуін сынға ала бастады


Ирак саяси партиялары Ирақта Уақытша өкімет құру ісін Құрама Штаттардың шілдеге қалдыруын сынға ала бастады. Құрама Штаттар тағайындаған әкім пол Бремердің бұл шараны шілдеге қалдыруы шегініс болды дейді саяси партиялар.

Америка Құрама Штаттарының Ирақтың Уақытша өкіметін жалпы ұлттық конференцияда сайламақ жоспарына Ирақ саясаткерлері наразы болып отыр. Ирақтың уақытша өкіметінің негізгі тобын мамырдың ортасына дейін құруға уаде берген ҚШ ол уадесін әлі созумен келеді.Жаңадан тағайындалған АҚШ әкімі Пол Бремер болса Уақытша өкімет сайлайтын жалпыұлтық конференция шілде айында шақырылады деп жариалады.

Оған себеп шын мәнінде халық өкілдерінен жасақталатын өкіметті сайлау үшін уақыт керек.Ол өкімет 5 Ирақ партиясының өкілдерінен құралуға тиіс.Ирақтағы бір белді саяси партия, шииттер көсемі Аятолла Ал Хаким баскаратын, Ирақ Ислам төнкерісінің Жоғарғы кеңесі .Осы партия өкілі Хамид Ал Баяти, егер, ҚШ өкімет жасақтауды кешеіулдетер болса, онда, Ирақтың бірнеше партиясы бас қосып бұл шараны өз қолдарына алады деді: 052324 Ирақ өкіметі мейлінше тез құрылуы керек деп білеміз.Оған себеп, бұ мәселені созған сайын күтпеген жағдайлар болуы мүмкін.Жағдаят тым шиеленісіп кетуі мүмкін - дейді Ал Баяти.

Ал Баяти, сондай –ақ, өз партиясының Америка қол астында жасақталған кез –келген өкіметке кірмейтінін мәлімдеді. Бұл талапқа американдықтар ерте ме, кеш пе көнуге мәжбүр деді ол. Егер, Ирақ өзінің тәуелсіз өкіметін құра алмайтын болса, онда, біз өкімет құру жөніндегі кез-келген идеяға қарсымыз деді Аятолла Ал Хакимнің өкілі.Шетелден оралған Ахмад Чалаби басқаратын Ирақ оппозициясының партиясы Ирақ Ұлттық Конгресі де Уақытша өкімет құрудың бұлайша кешеуілдетуін сынға алды. Ұлттық Конгресс өкілі Интифад Қанбар Уақытша өкіметті құру ісі ирақтықтардың өз қолында. Американдықтардың өкімет құру конференциясы оған еш әсер ете алмайды деді. 052325

Бұл үдерісті тоқтату американдықтардың шаруасы емес.Бұл ең алдымен Ирақтың өз үдерісі, Американың емес.Біз Құрама Штаттардың одақтасымыз.Біз жеңіл одақтас бола аламыз.Қиын да одақтас бола аламыз.

Бұл өкілдің айтуынша Ирақ партиялары кәзірдің өзінде өз конференциясын өткізуге кірісіп кеткен.Алай да, ол оның қай күні өтетінін нақтыламады.Тіптен, бұл конференция шілде ортасында өтсе де ол американдықтардың емес, ирақтықтардың өз конференциясы болады деді Интифад Қанбар. Ирақ солтүстігін бақылауда ұстап отырған екі партияның бірі Күрдістан Патриоттық Одағының жетекшісі Джалал Талабани ҚШ шешіміне қарсы емес. Осы партия өкілі Мухаммад Шукер конференцияның бірер айға кешіккенінде тұрған ештеме жоқ дейді: 052326

Ие, біз Бремердің шешіміне қарсы емеспіз.Дәл кәзір Саддамнан кейін қалған, әлі де халыққа бас ауру болып отырған ұры-қары, террорист, кісі өлтіргіш ресми тұлғалардан сіз қалайша өкімет жасақтай алмақсыз?

Ирақта шын мәніндегі демократиялық өкімет орнағанша көп жұмыс керек, бұл арада американдықтар рөл ойнауы керек дейді Күрдістан Патриоттық Одағының өкілі Мухаммед Шукер. АҚШ Ирақты азат етті, енді ол Ирақ тағдыры үшін жауапты дейді ол.
XS
SM
MD
LG