Accessibility links

Қазақстан Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік байланысты дамытпақ


Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының, Біріккен ұлттар ұйымының қазақстандағы Даму бағдарламасымен және Норвегия халықаралық қатынастар институтымен мамырдың 22-і күні бірлесіп өткізген халықаралық ғылыми-тәжірибелік кеңестері мамырдың 23-і күні де жалғасты.

Ғылыми-тәжірибелік кеңес адам құқықтарын қорғау және кеңейту саласында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас мәселесіне арналды.

Семинар жұмысына жетекшілік еткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішевтің айтуынша, аталған кеңестің мақсаты, үкіметтік емес ұйымдарды адам құқықтары жөніндегі комиссияның адам құқығы бойынша жыл сайынғы дайындалатын баяндамаларын әзірлеуге тарту. Қазақстан үкіметі 2002 жылы үкіметік емес ұйымдарды қолдау туралы тұжырымдаманы бекітті.

Тастемір Әбішевтің айтуынша, халықаралық кеңестің өткізлуі де осы тұжырымдаманы жүзеге асыруға байланысты. Үкімет, “Үкіметтік емес ұйымдар туралы” және “Мемлекетік әлеуметтік тапсырыстар туралы” заң жобаларын әзірлеп, сараптамадан өткізуде. Бұл жобалар қабылданып жатса, азаматтық институттарды дамытуға себеп болады деген пікір айтылды. Ғылыми-тәжірибелік кеңесте қазақстанның екі халықаралық пактіге қосылуы туралы пікірлер де айтылды.

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев бұл тұрғыда өз ойын былай білдірді: Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтары туралы, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілеріне 2003 жылы қосылуы керек. Осы салада мемлекеттік органдармен келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы пактіге қосылу туралы Мемлекет басшысының саяси шешімі бар. Қазақстан бірнеше халықаралық конвенцияларға қосылды. Тастемір Әбішевтің айтуынша, төрт негізгі халықаралық конвенцияның үшеуі бойынша Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының конвенциялық органдары алдында баяндама жасаған. Ендің балалар құқығы туралы конвенция бойынша маусым айында Женевада талқыланатын болады ,-деді ол.
XS
SM
MD
LG