Accessibility links

Ирак мәселесіне байланысты Қапқазарты елдерінің АҚШ-тағы елшілері өз елдерінің тұғырнамасын баяндап берді.


Уашиңтонда өткен қоғамдық талқылауларға Қапқазарты елдерінің елшілері қатысты. Елшілер АҚШ басшылығындағы Ирақ соғысынан кейінгі аймақтық мәселерді талқылады.

Таяуда Уашиңтонда өткен Халықаралық және Стратегиялық Зертеулер орталығының Қапқаз аймағына көңіл бөлуші қызметімен Азаттық және Азат Европа радио бекетінің қатысуымке өткен қоғамдық пікір алмасуға қатысқан АҚШтағы Армения,Әзірбайжан және Грузия елшілері соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіру мәселесіне тоқталды,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Стерлиң Райт өзінің Уашиңтонан жолдаған хабарын.

Грузия мен Әзірбайжан АҚШ-тың Саддам Құсейін режимін құлату шешіміне бірден қолдау көрсетті,бірақ елшілер өз елдерінің бұған бағыталған саясатының ерекшеліктеріне тоқталды. Грузия елшісі Леван Михеладзенің айтуынша оның елі аймақтағы ең көп АҚШ экономикалық жәрдемін алушы мемілекет, әрі ол бұданда бетер Құрама Штатармен етене жақындасуды қалайды. " Евро Атлантикалық құрылымдарға толық қанды мүше болып кіру Грузияаның ең түпкілікті мақсаттарының бірі,оған қол жеткізу үшін біздің ойымызша одақтастар сапынан табылған абзал."

Ол өз елінің Ираққа әскерін және сақшыларын атандыруға әзір екендігін, әрі елді қалпына келтіруге атсалысуға да, дайындығын білдірді.Ирақ үкіметі құрылса онда Бағдатқа өз елшілігін ашпақ ойы барына тоқталды. Михеладзенің айтуынша,соңғы он жылдық ішінде Грузияаның қауіпсіздігін халықаралық ұйымдардың шеше алмауы, бейбітшілікті орнатыу тек АҚШтың қолынан келеді,- деген сенім тудырып отыр.

Әзірбайжан елшісі Хафиз Пашайев Ирақ мәселесінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі, бір ортақ шешімге келе алмағандығына өз өкінішін білдірді. " Әзірбайжан ешқашанда Ирақтағы қалыптасқан жағдай Ұлтар Ұйымы бейбітшілікті сақтау мен күлі әлемдегі тұрақтылықтың ұйытқысы болатын өз ролінен айрылмайтындығына сенімін жоғалтқан емес."

Пашайевтың айтуынша,Әзірбайжан зайырлы ел,бірақ оны көбіне Шейі мұсылмандар мекендейді,оның елі "күмәнді жағдайда" бірақ үнемі халықаралық заңдардың үстемшілдігін қолдайды.Оның айтуынша,"Одақтастарға қосылу бұл елдің сыртқы саясатының логикалық жалғасы."Әзірбайжан Косово мен Ауғаныстандағы әрекетерге атсалысты, және Ауғаныстандағы бейбітшілік сақтау әрекетеріне де қатысып жатыр." Пашайевтың мәлімдеуінше, "Ирақтың шейі тұрғындарына жасалған қысымдар,әрі Саддамның жойқын қаруға ие болу аймақтық тұрақтылыққа нұсқан келтіруі,әрі Ирақтың БҰҰ-ның барлық шешімдерін орындау міндетемесі Әзірбайжаның Ирақ жорығын қолдауына себепкер болды.

"Оның айтуынша Әзірбайжан шейілердің ең қасиетті мекені Ирақтың Кербел және Наджаф қалаларындағы бейбітшілікті сақтау үшін өзінің 150-жауынгерін аттандырады. Армения елшісі Арман Кирокасяның айтуынша оның елі БҰҰ-ның 1441-інші шешімін толық қолдады.Бірақ, егер АҚШ басшылығындағы одақтастар әрекетін ашық қолдаған болса, онда Ирақты мекендейтін 15-тен 30-мыңға тарта армян ұлтының өкілдеріне бұл ауыр соққы болар еді. " Армения үкіметі шет елдерде тұрушы армян ұлтының өкілдерінің тағдырына алаңдаушылық танытады.Сондықтан біз үнемі Саддам режимін халықаралық сынау мен біздегі қоғамдық пікірді ескерумен болдық."Кирокасяның айтуынша оның елінің қоғамдық пікірін Құрама Штатардың әрекетін қолдауы оның мақсаты емес,бірақ Армения соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіруге әзір",-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Стерлиң Райт өзінің Уашиңтонан жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG