Accessibility links

АҚШ-та ақпарат құралдарына иелік ету жүйесіне өзгеріс енбек

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

АҚШ-тың ақпарат құралдарына бақылау жасағанда айыпталған үкімет мекемесі ақпарат құралдарына иелік ету бойынша күмәнді шешім қабылдады. Жаңа өзгертулерге сай ақпарат құралдарына ие алпауыт компаниялар енді бір қалада телебекетер мен газеттерге де, ие бола алады.

Бұл қадамды қолдаушылар технологиялық жетістіктер бұрынғы тыйымдарды ескінің еншісінде қалдырды деуде.Бұл шешімді сынаушылардың айтуынша, енді ақпарат құралдарының компаниялары өз хабарлары арқылы қоғамдық пікірге ықпалын күшейте түсетін болады деуде...

Көптеген жылдар бойы АҚШ-та ақпарат компанияларына бір қалада бірден телебекет пен газетке де,иелік етуге тыйым салынып келді,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Марк Бэкер өз хабарын.

Сондай-ақ бір елді мекенде, бір компания радио және телебекетерге ие болуына да шектеу болды.Соңғы алпыс жыл ішінде қабылданған шектеулер, бәсекелестікті қамшылай тусіп, әрі компаниялардың ақпарат құралдарын бір қолға жапай сатып алмауына, сондайақ қоғамдық пікірге бір жақты ықпал жасамауы үшін өмірден алынған шешім еді.Бұдан былай бұл шектеулер өткенің еншісіне айналмақ.

Ақпарат құралдарына бақылау жасаушы Құрама Штатардың Федералдық Байланыс Идарасы дүйсембі күні, ақпарат құралдарына бақылауды жеңілдету туралы шешім қабылдады. Федералдық Байланыс Идарасының 5-адамнан тұратын басшылығы, жаңа ұсынысты дауысқа салып, АҚШ ел басы Джордж Буштың Республикандық Партияасының 3-өкілі қолдап, ал Демократиялық партияаның 2-өкілі бұған қарсы болды.

Жаңа өзгеріске сай АҚШ-тың үлкен қалаларында қызмет көрсетуші ақпарат алпауыттары, енді бір елді мекенде радиотелебекетермен қоса газеттерге де,иелік ете алатын болады.Орта деңгейдегі қалаларда кей шектеулер сақталғанымен бірақ бір қожайын әртүрлі ақпарат құралына иелік етуге құықылы.Ал үш не оданда аз телебекетері бар шағын қалаларда барлық ақпарат құралдарына иелік етуге шектеулер сақталған болар еді.Сондайақ бірден радиобекет пен теле бекетке иелік етуге де салынған тыйымдар алынды.Компанияларға алып қалаларда үш телебекетке дейін иелік етуге ұрықсат беріледі.Бұдан алдын, бір қолда екеуден артық телебекет ұстауға болмайтын.

Өзгерістерді қолдаушылармен Буш әкімшілігі және көптеген ақпарат құралдарының алпауытары жоғарыда сөз етілген шектеулер ескіріп өмір талабына сай емес,-деп пікір алмасты.Олардың алға тартқан айғағына сай желілік және жер серктері тарату жүйелерінің қалыптасуы, және Интернетің кең таралуы көрермендерге жүздеген телебекетерді көруге мүмкіндік беруінен бұрынғы шектеулердің мәні жоғалды деуде.

Бұл шешімге қарсылық танытушы азаматық құықтарды қорғаушылар мен білім беру топтардың айтуынша тізгінді босатудан,ақпарат құралдары мейлінше алпауыт компаниялардың қолына шоғырланар болса онда жан жақты пікірлерді есту қыйындай түседі деуде.Олар ат төбеліндей азшылық онсызда көптеген желілік және жер серігі телебекетеріне ие деуде.

Шелл Пингри Құрама Штатардың жер жерлерінде 200-мыңға тақау мүшесі бар Қоғамдық бақылау бойынша үкімет мекемесінң президенті.Оның Азаттықа айтуынша. " Егер сіз өткенге көз жүгіртер болсаңыз,онда біздің байқауымызша жергілікті бағдарламалар барынша азайып,және аздағанғана адамдар жақсы әрі сан алуан ақпаратты алғысы келеді.Біз қалыптасқан қағыйдалардың өзгеруіне қарсы болып,бізбен ғаламат көп саналуан топтың өкілдерінің пікірлері бір жерге тоғысқанын аңғардық."

Пингри, жер серіктері мен Интернетің тарататын хабарлары тәуелсіз және жанжақты ақпарат таратады деген пікірмен келіспейтіндігін білдіреді. " Егер сіз Интернетегі ең танымал бөліктерді қарап көрсеңіз,олардың көпшілігі телебекетер мен газетер мен басқада ақпарат құралдарына ие алпауыт корпорацияларға тиісілі.Біз бір қолға шоғырланушылықтың басымдылығымен оның есесіне жан жақтылық жетімсіздігіне өз алаңдаушылығымызды білдіреміз."

Агентік төрағасы Майкл Пауеллдың айтуынша,ол басқарушылықты қолдайды,өйткені бұрынғы шектеулер заңдық тұрғыдан іске асырылмаушы еді.Оның айтуынша Федералдық Байланыс Идарасы жарандар мен жеке мүделердің арасындағы тепе теңдікті сақтауға тырысады.Басқарушылық бірден өзі қабылдаған шешімді іске асыра бастамайды.Келіп түсіп жатқан мәліметерге сай бұл шешім қолдау тауып отырған жоқ,оған екі партияаныңда заң шығарушылары қарсы,жекеменшіктің өзге қолға өту жергілікті сот орындарымен теріске шығарылулары мүмкін дейді ол,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Марк Бэкер өз хабарын.
XS
SM
MD
LG