Accessibility links

Үлкен 8-дік экономикалық серпіліс жасау мен терроршылдықтан қорғануға назар аударып отыр


Қуатты сегіздіктің жетекшілері тұралап қалған әлемдік экономиканы жандандыру жолдарын қарастырып, және жойқын қарудың таралуына тосқауыл қоймақшы.Дүйсембілік бас қосуда АҚШ пен Франция арасындағы жоғары дәрежелі кездесуде салқындық байқалды.АҚШ ел басы Джордж Буш үлкен сегіздіктің отырысын ертерек тастап, Тайаушығыста бейбітшілік орнату бойынша келіссөздерге қатысу үшін кетті.

Ирақ соғысында басты қарсыласы болған Франциялық әріптесі Жак Ширакпен АҚШ ел басы екеу ара келіссөздер өткізді,-деп бастайды Ройтер агентігінің тілшілері Пол Тейлор мен Тим Хеферлер Евиң арасанынан жолдаған хабарын. Жексембілік екеу ара кездесу кезінде Ширак, Бушқа өз пікірін жеткізіп,"көпшілік халық бір ғана Құрама Штатардың жеке дара үстемшілдігін қаламай, оның көпжақты әлем ұстанымын қолдайтындыығына тоқталды."Ширак Бушты оның ұсынысын қолдап, келесі үлкен сегіздіктің бас қосуына, дамушы елдердің өкілдерінде шақыруды ұсынды. АҚШ ресми өкілдері Американың қуатын сынап көрудің еш қыйсыны жоқ,сондықтан одақтастардың қажеті керек болған жоқ деді.Буш өзінің қадамдарына қолдау іздеп, күмәнді ядролық,химиялық немесе биологиялық затар не зымрандардың тасымалдауына тосқауыл қояатындығына тоқталды. Жексембі күні үлкен сегіздіктің бас қосуына Евиң арасанға көршілес орналасқан Швейцарияның Женева және Лозанна қалаларында анархистер мен капитализмге қарсылардың наразылық шерулері болып өтті. Сақшылар жүздеген шерушіні қамауға алды.Себебі дүкендер тоналып,шынылар шағылды. Дүйсембілік отырыста Ирақ соғысынан кейін, жоғалған өзара сенімді қалпына келтіруге баса назар аударылды. Бұндай деңгейдегі кездесулердің ардагері Канада бас министірі Жоң Критен,бұл оның үлкен сегіздіктің 10-ыншы бас қосуына қатысуы,келесі жылы ол орнынан кетеді.Оның айтуынша ол Буш пен Европа басшыларын бюджет жетімсіздігін ауыздықтауға күш салуларына баса назар аударады. Жыйынға қатысушы Европа жетекшілері мен Жапония өкілдері өткен күзден бастап доллардың бағамы еуроға шақанда 15-пайызға құлдырап кетуі, олардың әупірім күйдегі экономикаларының көтерілуіне жаңа кедергі болып отырғанына тоқталды. АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша Буш Европалықтардан экономикаларын заман талабына икемдеп,сауда сатықтағы тосқауылдарды алып, фермерлерге қолдау көрсетуін доғарып, және Европалықтар адам ағзасына қауіпті деп есептейтін генетикалық өзгеріске ұшыраған дәнді дақылдарды өзінде сатуға кедергі болмауға шақырады. Германия Канцлері Герхард Шроедердің Социал -Демократық партиясы жексембі күні зейнетақы саласында және халықтың әл ауқатын көтеру бойынша реформаларға қолдау тапты,бұл Европаның экономикалық алыбына қозғалыс әкелу керек. Ширактың орталықшыл оңшыл үкіметі бұл тұрғыдағы реформаларды іске асырмақ ниеті апталық наразылқ шерулеріне тап болды. Британия ресми өкілдері," үлкен 8-к жойқын қару мен терроршылдыққа жіті назар аударуы тиіс,өйткені ол халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді,"-деді. Дипломатардың айтуынша, БҰҰ-ның айасында басты қарсылықа ұйытқы болған Ширак, АҚШтың Ирақтағы соғысқа байланысты оны кейін келе заңдастыру әрекетіне қарсы болады,-дейді. АҚШ пен Британияаның химиялық және биологиялық қаруларды іздеп таппауы,Саддам Құсейінің құлағанына 6-апта толуымен айақталған соғыстың, дереу күш қолданбаса болмайды деген сенімге күмән тудырырады,- дейді олар. Буш Евиң арасанға халықаралық суларда, және әуе де, заңсыз қару жарақтың тасымалдануына қадағалау орнатып,және өз серіктестеріне Солтүстік Көрей мен Ираның ядролық бағдарламалары бойынша жан жақты қысымды күшейту ұсынысымен келді. Жоғарғы дәрежелі кездесудің кезінде ол Ресей ел басы Владимир Путинмен және Ирақ жорығына қарсы басқалардың бұл мәселерге кепілдігін ал алмады,екі жақ өз қарым қатынастары жақындай түсті дегеніне қарамастан, Мәскеу Иранда салып жатқан ядролық бекетінен бас тартпады. Британ ресми өкілдері "радиоактивті қауіпсідікке " баса назар аударды,тіпті ондай затары бар бейбіт мақсата пайдалынатын құрал жабдықтардың террорлық ұйымдар мүшелерінің лас бомба деп аталатын қауіпті қару жасауына пайдалануына мүмкіндік берілмеуі тиіс дейді. Жексембі күні әлемдегі ең байқуатты 8-ел Африканың қарыздарын кеміту мен СПИДтпен күреске және кедей елдерде ауыз суды тазалап дәрі дәрмек бағаларын азайту бойынша бір бірімен жарыса уәдені үйіп төктті. Бірақ Европа Комиссиясы мен мемілекетік емес агентіктің жетекшісі Романо Проди бай елдерді, олар өздері алған кепілдіктерін орындамай, дамуға қажетті қарыздарды шығармай отырғаны үшін сынады.БҰҰйымының Бас хатшысы Кофи Аннан көптеген алға жылжушылықтың бар екендігіне тоқталып, қарыздарды кешіру мен сауда тосқауылдары алынып тасталғанан кейін жәрдем өткен жылғы 57-миллиартан,2000-ншы жылы қабылданған Мыңжылдық Даму Мақсатына сай быйыл 100-миллиардтқа жеткеніне тоқталды,-деп айақтайды Ройтер агентігінің тілшілері Пол Тейлор мен Тим Хеферлер Евиң арасанынан жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG