Accessibility links

АҚШ үкіметі 11 қырқүйектен кейінгі қамауға алулар бойынша сынды ескеріп отыр

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

2001 жылдың 11 қырықүйегінен кейінгі соңғы айларда азаматық құқық қорғау топтары АҚШ үкіметінің заңсыз иммигрантарды айлар бойы қамауға алып негізгі адам құықтарын бұзғанда сынып отыр.

Нью-Жерсидегі Патерсоның маңында 45-жасар Сурияалық мұхаджир Мәлік Зейдан пайда болған кезде бала шаға оны қуана қарсы алады,ол балмұздақ тиелген мәшинемен көше көшені даңғырлаған әуезбен аралап өз напақасын табады,-деп бастайды Азатық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Джефри Донован өзінің Уашиңтонон жолдаған хабарын.

Бірақ өткен жылы ол 40-күн көзге көрінбеді.Өйткені Зейдан 3-мың адамның өмірін әкеткен 2001 жылдың 9-айдың 11-күнгі араб тероршылары ұйымдастырған терорлық шабуылға қатысы бар деген сезікпен қамауға алынған 1-мыңнан аса мұсылман мен арабтардың қатарында американ абақтыларында отырды.

Бірақ адам құықтарын қорғаушылардың айлар бойы сынынан кейін Зейдан мен өзгеде заңсыз иммигрантар АҚШ үкіметінің жаңа шешімін есту үшін тағатана күтіп отыр.

Уашиңтонда орналасқан Хиуман Райтс Уачтың АҚШтағы саясый басшысы Уенди Патеннің Азаттыққа айтуынша.

"Хабарландырулар Әділет министірлігі 11-қырықүйектен кейін халықтың құықтарын қалайша айақ асты етіп жатқандығын көрсетеді.Бұл 198-беттен тұратын заң бұзыушылықтарды біз өзіміздің Хиуман Райтс Уачтың 11-қырықүйектен кейінгі қамауға алынғандар туралы зертеуімізге кіргіздік."

Сақшылар оның көршісінен шабуылдар туралы сұрау үшін келгенде олар Зейданан құжатарын тексергенде оның туристік визасының уақыты өтіп кеткендігі анықталып,ол абақтыға жатқызылып елден кетуді күтіп отыр.Зейданың қорғаушы адвокаты Регис Фернандестің айтуынша оның қорғаушы адамына "ұлтық қауіпсіздіке қауіп төндіруші" деп АҚШтық айыптаушы үкім шығарған,бәлки бұл оның Нью Йорктегі Халықаралық сауда орталығы мен Пентагонға шабуыл жасаған араптармен этникалық тұрғыдан жақын болуынан болуы керек.Фернандестің Азаттыққа айтуынша.

"Сот барысында біз оның қалайша ұлтық қауіпсіздіке қауіп төндіргені туралы сұрағанымызда,айыптаушы бұл Халықаралық сауда орталығына қатысы бар деген кезде Зейдан есінен танып қала жаздады.Ол бұған қайран қалды."

Жалпы АҚШ заңдарына сай визасының мерзімі өтіп кеткендер қамауға алынбайды,олар тек сот шешімінен соң елден шығарылады.Ал АҚШтың Әділет министірлігі мен Бас прокурор Джон Ашрофтың тікелей шешімімен төтенше жағдайларға байланысты өзгеріс енгізілді,тіпті заңсыз мұхаджирлерді Әділет министірлігі кепіл ақшамен бостандыққа шығарудан бас тарты.Ашрофт өткен жазда қамауда ұстауларды былайша түсіндірді, "біздің ең бірінші мақсатымыз бейкүнә адамдардың өмірін сақтап,терроршылдық құрылымдардың тамырына балта шабу болып отыр", - деді.

Қайта Зейдан тоқ өмір үшін байағыда тастап кеткен өз отанына күштеп оралуы мүмкін болғанымен ол Ызрайль азаматы Узи Боихадан сынды тән азабын шекен жоқ.Федералдық тергеу бюросының сардарлары оны 2001-жылдың 16-ыншы қырықүйегінде Флориданың оңтүстігінен Миссиссипи штатына кетіп бара жатқан жерінен қамауға алған,Оның қарындасының айтуынша оның еврей ағасын ресми өкілдер араб екен деп, әрі оның 9-айдың 11-күнгі шабуыл жасаушылардың Флоридада тура сол аймақта тұруымен байланыстырып оны абақтыға салған.Оның қарындасының айтуынша.

"Барлығы оны терроршы деп ойлады.Узи маған күзетшілер абақтыда отырғандардың құлақтарына бірдеме сыбырлағанан кейін,олар күзетшілер кетісімен мені екі сағат бойы сабап, күзетшілерді көмекке шақыруға мүмкіндік бермей жағымды сындырды-деді.Есінен танған оған алты сағатан соң күзетшілер келіп араша түскен."

Нью Жерсилік адвокат Солаил Мұхаметтің айтуынша ол 29-адамды қорғап жүр,оның айтуынша кейбір адамдар 8-айдан бері тар қапаста отыр,олар абақтыдан шықанан кейін елден шығарылып жіберіледі.Мұхаметтің айтуынша оның бір қорғап жүрген адамы қамауда отырған уақыт ішінде 36-килограмға азып кекен.Ал енді бір адам қамауда отырған кезде оның ата анасы қайтыс болғанын кейін білген,ал енді бір жігітің келіншегі оны қате қамауға алғанын анықтағанша жарық дүниеден кеткен.Иммигрантардың қорғаушысы Мұхаметтің айтуынша бұл тірліктер Уашиңтонға абырой әкелмейді, ол өзге елдерде соның ішінде Тайау Шығыста адам құықтарының жағдайын жақсартуды қалайтындығы белгілі.

"Бұдан алынатын сабақ. Біз өз заңдарымызды құрметтемейміз.Біз өзіміздің ата заңымызды құрметемейміз.Біз қалайша өзгелер әділетілік және демократия жолымен жүреді деп үмітенеміз,егер біз азатықтың чемпионы және заң үстемдігін құрметейтін ел бұл жолдан айнып өзімізді басқа тұрғыдан көрсетсек.?"

Хиуман Райтс Уачтың өкілі Патен бұған Кубаның Гуантанамо шығанағындағы Ауғаныстандағы соғыс барысында қамауға алнған тұтқындардың жағдайна да,назар аударады.

"Менің ойымша бұл екі жағдай мына тұрғыдағы сауал тудырады.АҚШ пен өзгеде әлем елдерінің үкіметтері терроризмен күрес барысында негізгі адам құқтарының сақталуына кепілдік бере ала ма ?"

Бірақ Патен мәселенің жақсы жағына да назар аударады.АҚШ үкіметті сыный тексеру жасауға жарап көпшіліке оны жарияалады.Келесі қадам ол өз ұсыныстары бойынша нәтиже шығару,-дейді Патен деп айақтайды Азатық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Джефри Донован өзінің Уашиңтонон жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG