Accessibility links

Құрама Штаттар президенті Джордж Буш Қатарда сөйлеген сөзінде Ирақ жойқын қарулары туралы шындық айқындалады деді.


ҚШ президенті Джордж Буш бүгін Қатар елінде орын тепкен америка әскерилері алдында сөз сөйлеп, оларға Ирақ соғысында атқарған ролі үшін алғыс айтты.Саддам Хусейн жасырған жойқын қару туралы шындықты ашуға уәде берді:

Бұл адам өзінің жойқын қаруларын жасыруға ондаған жылдар сарп етті.Ол инспекторлардың ол қаруларды іздеп жүргенін білді.Біз шындықты бәрібір ашамыз –деді Буш.

Буштың бұл сапары АҚШ пен Британия өкіметтерінің әлі табылмай отырған Ирақ жойқын қаруларына орай бораған сын астында қалып отырған шағына дәл келіп отыр.Ирақ жойқын қарулары ҚШ мен Британияның бұл елге қарсы соғыс ашуына себеп болғаны аян.Кеше, Британия өкімет басы Тони Блейр өз өкіметіне тағылған кінә - Ирақ жойқын қаруларының қатерін дабырайтумен айналысты дегенді жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG