Accessibility links

Германия Ауғанстанға жасақ аттандыру жоспарын қайта қарай бастады


Өткен сенбі күні Қабулдегі неміс жасағына болған қанды шабуылдан кейін Ауғанстандағы бейбітшілік сақтау жасақтарын Қабул қаласының сыртына да шығару керек па, жоқ па деген мәселе төңірегінде Германияда пікірталас өрбіді.Бұған дейін Германия бейбітшілік сақтау жасақтарын Қабул қаласынан басқа аймаққа да кеңейту туралы пікірді қолдап келген.

Сенбі күні Қабулдегі неміс бейбітшілік сақтау жасағына болған қанды шабуылдан 4 солдат опат болып, 29 солдат жараланғаны белглілі.Бұл Германия әскерінің 1995 жылғы Босниядағы шығынынан кейінгі ең үлкен шығын болып отыр.

Қабулдегі неміс жасақтары Ауғанстандағы алты айлық қызметін аяқтап сол күні Германияға ұшпақшы болып аутобуспен Бағрам әуе жайына беттеген еді. Кенет бір такси оларды қуып жетіп жолын кес-кестемек болған. Алай да, жасақ мінген аутобусты алып келе жатқан айдауылдар таксиді алға жібермеген. Сол кезде такси аутобустың жанына қапталдаса беріп қопарылған. Такси ішіндегі жалғыз жүргізуші, аутобус ішіндегі жасақтың төртеуі опат болған.

Германия бүгінде Қабулде 2300 жауынгерден тұратын жасақ ұстап отыр. Бұл шабуылға бола ол жасақты Ауғанстаннан алып шығып кетпейміз дейді Германия қорғаныс министрі Петер Струк.Германиямен Нидерландия Ауғанстандағы бейбітшілік сақтау жасақтарына бірге басшылық етеді.Германия қорғаныс министрі Петер Струк Ауғанстаннан бейбітшілік сақтау жасақтарын әкете деген сөз бұл елді қайтадан тетрроризм құшағында қалдыру деген сөз дейді:

- Жасақ әкету дұрыс шешім емес, өйткені, ондай жағдайда бұл ел қайтадан террористер ордасына айналмақ. Бұл елді базаға айналдырып алып террористер өзге әлемге шабуылды бастамақ.

Петер Струк Ауғанстандағы барлау қызметі неміс жасақтарына шабуыл болатыны жәйлі ақапарат алған еді деді. Алайда ол шабуылдың қашан, қай жерде болатынын дәл білмедік дейді.Бұл шабуыл неміс жасақтарына болған бірінші шабуыл емес. Ақпан айында осы Петер Структың өзі Қабулде болғанда Қабулдегі неміс жасақтарының штаб пәтеріне екі зымыран келіп түсті.Қаңтарда болса неміс жасақтарының базасында екі бомба қопарылды.

Алайда Германияда Ауғанстандағы неміс жасағының тағдыры туралы пікірталас осы кісі шығыны болған соңғы шабуылдан кейін туындады. Яғни, халықаралық жасақтарды Қабул сыртына шығару керек пе жоқ па деген мәселе дау тудырды. Ал, Германия канслері Герхард Шредер болса, халықаралық бейбітшілік сақтау жасақтарын Ауғанстанның өзге де өлкелеріне шығармай бұл елде тыныштық орнамайды деп біледі.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай да Біріккен Ұлттар Ұймының бас Хатшысынан Ауғанстанның Герат Жалалабад, Мазари-Шариф өлкелеріне халықаралық жасақ енгізуді сұраумен келеді.Кеше Германия өкімет өкілі Ауғанстан өлкелеріне халықаралық жасақтарды орналастыру мүмкіншілігін зерттейтін мамандар тобы Ауғанстанға аттанғалы жатыр деп мәлімдеді.Мамандар тобы Қабулге сейсенбі күні ұшпақ. Халықаралық жасақтарды Қабулден сыртқа шығару оған деген қарсылықты күшейтеді деушілер арасында өткен жылғы сайлауда Герхард Шредердің негізгі бақталасы болған Едмунд Штоибер де бар:

Менде шүбә күшті.Ауғанстандағы күрделі жағдайды есепке алсақ, неміс солдаттарын Қабулден тыс орналастыру орынды бола қояр ма екен.

Ал, кейбір оппозиция басшылары болса Ауғанстандағы жағдай тым шиеленісер болса онда Германия жасақтарын бұл елден әкету керек дегенді де айта бастады.Бұл көзқарасты неміс солдаттарының бірлестігі де қолдап отыр.Осы бірлестік торағасы Бернхард Гертз Ауғанстан дегенің оқдәрі толы бөшке ғой дейді.Талибан мен Ал Каида болса қайта шеп құрап күшейе бастады, халықаралық жасақтарға бұдан былай шабуылдар көбейетіні сөзсіз дейді.

Жағдай тым шиеленісіп кетсе біз бұндағы халыкаралық жасақтар әкетілуі керек деп білеміз дейді. Алайда, қорғаныс министрі Струк біздің әскер Ауғанстанда басқыншы әскер тәрізді көрінбеуі керек дейді.Сондықтан жасақтар жергілікті халықпен ынтымақтастық орнатуы керек деп біледі.Германия әскеріне қауіп-қатер төніп тұрған жер жалғыз Ауғанстан емес, Біріккен Ұлтар Ұйымының бейбітшілік сақтау жасақтары құрамында неміс әскері бүгінде Балкан, Орта Азияда, Африкада да бар дейді.Тіптен екі неміс солдаты бугінде Грузияда кепілдікке алынып тұтқында да отыр дейді.
XS
SM
MD
LG