Accessibility links

Қазақстандағы түрік халқының фестивалі

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақстанда мекендейтін түрік халқы алтыншы маусым күні Алматыда бас қосып, түрік халқының республикалық фестивалін өткізді.

Жалладин Киразоғлы Әлиев бұл фестивальға ата-бабаларынан сақталып келген, осман тапаншасын киіп келген. Осылай Жалладин Кирозоғлы Әлиев қандастарына түрік халқының ежелден сақталып келе жатқан, ұлттық киімін көрсетті.

Жалладин Кирозоғлы Әлиев: - Бәрі мүсылман, кавказ мелляті мүны осман тапанша деп атайды.Қойдың, ешкінің жүнінен жасалады, кигенде, алғашында ыстық болады, соңынан салқын болады. Қазақтарда шапан болса, бізде осман тапаншасы бар.

Гүлмира Хамза: Түрік халқының ұлттық киімдері мен қатар, қазақстандықтар алтыншы маусым күні түрік халқының ұлттық ойындарын, дәстүрлерін тамашалады, түрік музыкасын тыңдады. Қазақстандағы түрік ұлттық мәдени орталықтың мүшесі Мустафа Акіфовтың айтуынша, республикалық деңгейде өткен бұл шараға, мәдени орталық қызметкерлері айтарлықтай дайындалған.

Қазақстандағы түрік ұлттық мәдени орталықтың мүшесі Мустафа Акіфов: Фестивальдің өзі «Біз қазақстандықтармыз» деген акция шеңберінде өтті.Мүндай фестивальді қаладағы басқа халықтар да өткізген, бірақ біз респуликалық деңгейде өткіздік. Біздің бағдарлама өте үлкен болды. Оның ішінде ұлттық тағамдарды көрсеттік,дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді көрсеттік.Үш мыңдай халық келді,балаларымыз концерт көрсетті, сонымен қатар басқа ұлттарға құрмет көрсету үшін бір-екі би көрсетік, балаларымыз қазақша би биледі, домбыра тартты. Біздің бағдарламамыздың тағы бір ерекшелігі, біз соғысқа қатысқан, бізге көмек көрсеткен ардагерлерге сыйлық бердік.Сондай сыйлық алған ардагерлердің саны 100 адамдай болды.

Гүлмира Хамза: Мустафа Акіфов мырзаның айтуынша, фестивальға шақырылып, сыйлық алған ардагерлер түрік өнерін, түрік музыкасын тыңдағанда кішкентай балалар сияқты қуанып тыңдайды. Сондай зейнеткерлердің бірі Паша Қадыров. 77 жасар Паша Қадыров көптен бері түрік өнерін тамашаламағанын айтты. Сол себептен түрік фестиваліне, зейнеткер қуана-қуана келгенін жеткізді.

Қазақстандағы түрік халқының республикалық фестиваліне Насиба Гусейнова да толқып келген, себебі бес жасар Насиба мүндай фестивальға алғаш рет қатырысып, би билейтінін айтты.

Нәсибаны түрік билеріне әкесі Курбан Садыроғлы Гусейнов үйреткен. Кадыр Садыроғлы Гусейнов түрік өнерін балаларға тегін ұйрететінін жеткізді.

Кадыр Садыроғлы Гусейнов :Болашақты тәрбилеу үшін осындай фестиваль болу керек, концерттер болу керек.Түрік халқы Қазақстанда туып өскендіктен, біз өзімізді көрсетуіміз керек. Қазір кішкентай балаларды биге, музыкаға да ұйретіп жатырмын,қиналдық, бірақ мүндай күндері бастан кешірген қиындықты еске түсірмейді ғой. Барлық балаларды тегін ұйретемін, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын, себебі мүның барлығы халық үшін ғой.

Гүлмира Хамза: Үстіміздегі жылдың күз айларында Қазақстандағы түрік ағайындар қазақ жеріне келгеніне елу тоғыз жыл толғанын атап өтеді. Түрік Фестивалін ұйымдастыруышлардың бірі Мустафа Әкіфовтың айтуынша,елу тоғыз жылдың ішінде республика деңгейінде түрік фестивалі алғаш рет өткен.Болашақта Қазақстандағы түрік мәдени орталық түрік халқының ежелден сақталып келген ыдыстары мен қол өнеріне арналған мұражай ашуды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG