Accessibility links

Ресейдегі шор тілін сақтап қалу жолында кейбір шаралар жасалуда


Қауып астындағы тілдер бойынша арнайы қордың мәліметтеріне қарағанда, бүкіл әлемдегі алты мың тілдің көбінде, сөйлеушілер саны уақыт өткен сайын азайып бара жатыр екен. Алты мың тілдің тең жартысы яғни 3 мыңдай тілдің әр қайсысында сөйлейтіндер он мың адам төңірегінде. 27 пайызыныда сөйлейтіндер мыңнан да аспайды.

Ал негізгі он үлкен тілде 100 млн.нан астам адам сөйлесе, бүкіл әлемдегі халықтың кемінде жартысы сол он тілді ана тіліміз деп есептейді.

,, Тілдердің өлімі,, деген кітаптың ауторы, белгілі тіл маманы Дейвид Кристал өз ана тілі Уелш пен бірге өзге тілдерді қорғау саласында көп еңбектеніп жүрген ғалым. Дейвід Кристал жоғалу алдындағы тілдерді сақтау мәселесінде қажетті үш жағдайға тоқталады.

,, Біріншіден , адамдардың өзі ана тілін сақтауға мүдделі болуы керек. Екіншіден, ондай мүдде, жанашырлық жоғарыдан басталуы керек. Мемлекет, үкімет, жергілікті үкімет, әкімшілік, дегендей. Сондай-ақ ЮНЕСКО, БҰҰ немесе Еуропа кеңесі сыяқты ұйымдар араласса да көптік етпейді. Үшіншіден, ақша, қаржы қажет. Тілді сақтау үшін қаржы жағын қамтамасыз ететін біреу болуы керек,, дейді тілші ғалым.

Қазіргі кезде жоғалу алдында турған түркі тілдерінің бірі - Ресейдегі Шор тілі.

Геннади Костачаков Новокузнецктегі Педагогикалық академияда Шор тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Костачаков Шор тілінде жазылған бір өлеңді оқиды.

Тарихшылардың пікірінше, Шорлар осыдан мың жылдай бұрын өмір сүрген Самоид, Угр не Кетіктердің түркіленген қауымы болуы мүмкін. Шорлар мәдениет, тіл жағынан солтүстік батыс Сібірдегі Самоид және Ханты-Мансыларға жақындау болып келеді.

1917-жылғы қызыл төңкеріске дейін, орыстар, шорларды жасайтын жеріне қарай, тайпа атаулары бойынша түрліше атаған. 20-ғысырға келіп ол тайпалар бірігіп, бір Шор ұлтына айналған.

1926-жылы Шор ұлттық әкімшілік ауданы дүниеге келді. Сол жылы кириллица негізінде Шор әліпбиі жасалды. Бірақ үш жыл өтпестен Латынға ауыстырылды. Кейінірек, тағы да кириллицаға ауысқан Шорлардың 1935 жылы өз ана тіліндегі 32 мектебі, өз ұлтынан 64 мұғалімі болды.

Шорлар жасайтын аймақтағы көмір, темір-метал және алтын кеніштерін игеру үшін келген орыстар есебіне, шорлардың пайыздың ара салмағы 1931-жылғы 39 пайыздан 1938-жылға келіп жергілікті ұлт 13 пайызға дейін кеміді. Міне осы кезден бастап Шор тілінің, мәдениетінің бағы тая бастады. Ал Сталиндік қуғын-сүргін жылдары ол аймақ түрме, абақты, лагерлерге айналды.

Сәуеттік заманда, 1989-жылы жүргізілген санақ бойынша , бәрі болып 16 мың шор тізімге алынған. Олардың 12 мың бес жүзі Кемерово обылысын мекендейді. Міне солардың тоғыз мың сегіз жүзі Шор тілін ана тіліміз дегенімен, тоғыз жүзі ғана ол тілде сөйлей алған.

Таллинде 1993-жылы басылған ,,Орыс империясындағы халықтар жөніндегі Қызыл кітапта,, Шорлардың ұлттық бейнесі жоғала бастаған. Ұлттық дәстүр, ғұрып-әдет кейбір алыс аудандарда, ал тіл отбасы, үй-ішінде ғана сақталған. Театр, баспақана, радио атымен жоқ. Ол аймаққа келімсектер, өнеркәсіп және орыс тілі ғана үстемдік етеді,, деп жазылыпты.

1980-90 жылдарға келіп, Шор тілі және мәдениетін қайта тірілту жолында бір шама шаралар қолға алынды. 1993-жылы Шорлар Ресейдегі Солтүстік, Сібір және Қыйыр Шығыстағы аз санды халықтар Ассотциясына мүше болып кірді.

Ең маңыздысы, Кемерево обылысының орталығы Новокузнецктегі Педагогикалық институтта Шор тілі және әдебиеті кафедрасы ашылды. Төрт мұғалімі бар. Ол бөлімді 6 шәкірт бітіріп шыққан. 67сі оқуда. Кейбір ауылдарда Шор тілі оқытыла бастаған.

Пединституттағы Шор тілі профессоры Ирина Шентсова бұл саладағы жұмыстар жөнінде былай дейді.

,, Кузбас мемлекеттік педагогикалық академиясында Шор тілі және әдебиеті кафедрасы бар. Академия - Новокузнецк қаласында. Бірақ ол кафедрада төрт-ақ қызметекер жұмыс істейді. Ал Шор тілі, мадениеті мен адебиетін оқитын 67-ақ шәкіртіміз бар. Бұл сала бойынша барі болып 60 адам мамандық алған. Олар орыс және Шор тілдері мұғалімі жане жұрналист болып қызмет жасайды. Кейбіреулері жергілікті акімшілікте жане музейде жұмыс істейді,, дейді профессор Шентсова.

Ал Шор тілі маманы Геннади Косточаков Шор тіліндегі әдебиет жөнінде былай дейді.

,, Қазіргі кезде Шор тіліндегі әдебиет бойынша қызмет жасап жүрген бір топ жазушы бар. 1990-жылдан бері Шор тілінде ,,Тұған жер,, деген мерзімді басылым шығып келеді. Сондай-ақ, Шор тіліндегі өлеңдердің таңдалмалы сегіз жинағы басылып шыққан . Олардың арасында Любво Арбачакованың ,,Онзас черім,, және Николай Белчегешевтің ,,Таң атча,, деген шығармалары бар. Ресей жазушылар одағына 8 ақын-жазушы мүше болып қабылданған. Одақтың Шор бүлімшесі семинарлар өткізіп әдеби шығармаларды талдап отырады. Ол жерде Шор тілін де үйренеді,, дейді Косточаков.

Он мың сөйлеушісі ғана бар тіл сақталып қалуға мүмкіндігі бар ма ? деген сауалға тілші, ғалым Кристал, ,, Тілде сөйлеушінің аз екендігіне қарамай тілді сақтап, дамытуға болады. Мысалы , бір неше жүз-ақ сөйлеушісі бар тілдер де сақталып қалған. Тілдің қамқоршысы, қолдаушысы болса жетіп жатыр,, дейді. Ғалымдардың пікірінше, Шор тілі мен мәдениетінің одан әрі сақталып қалуына олардың шамандық өнері көмектесуі мүмкін. Олар шаманды ,,кам,, дейді. Шаман – камдар , көне дәстурді жалғастырып, науқас адамдарды емдеуде белсенді қатысып келеді.
XS
SM
MD
LG