Accessibility links

Премьердің нағыз бейнесі


“Караван” апталығының он үшінші маусым күнгі санында да Қазақстан Республикасының премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетовтың өз еркімен қызметінен кетуіне орай Михаил Варфоломеевтің мақаласы жарық көрді.

“Караван” апталығының он үшінші маусым күнгі санында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетовтың өз еркімен қызметінен кетуіне орай Михаил Варфоломеевтің мақаласы жарық көрді. Мақала авторының айтуынша кешегі баскетбол командасының жаттықтырушысы немесе геграфия пәнінің мұғалімі қызметінен премьер-министр қызметіне шейін көтерілу екінің бірінің басына қонған бақыт емес. Мақалада келтірілген деректерге сүйенсек музей жәдігерлерін иемденіп алуда да Иманғали Тасмағамбетов мырзаның сіңірген еңбегі орасан зор. “Дегенмен Иманғали Тасмағамбетов жаман премьер-министр болды деуге аузың бармайды. Бірақ Тасмағамбетов үкімет басшысы болған кезде неше түрлі түсініксіз заңдар қабылданды. Жер Кодексі да тек элита үшін ғана тиімді заң болды” дейді мақала авторы. Мақала авторы келтірген деректерге сүйенсек, премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов жақсы демалғанды ұнататын адамдардың бірі. Қыстың күні отбасымен және достарымен Қытай, Пәкістан, Мьянмару, Таиландта демалуының өзі мемлекеттегі салық төлеушілерге жиырма сегіз миллион жеті жүз алпыс бес мың теңгеге түскен. Тасмағамбетов мырза ол елге қабынған өкпе ауруы басталмай тұрып барып үлгірді. Мақала авторының сөздеріне сенетін болсақ, бұқаралық ақпарат құралдары жиі тілге тиек ететін Иманғали Тасмағамбетовтың ұлтжандылығы да бос әңгіме. Жамбыл облысында зілзала оқиғасы орын алып, жиырма мың адам үйсіз-күйсіз қалған мезгілде Иманғали Тасмағамбетовтың үкіметі оларға дер кезінде көмек көрсет алмады” делінген “Караван” апталығының он үшінші маусым күнгі санында жарық көрген Михаил Варфоломеевтің мақаласында. Мақала авторының пайымдауынша Иманғали Тасмағамбетовтың өз еркімен қызметінен кетуі, алдағы күтіп тұрған экономикалық қиыншылықтарға байланысты.
XS
SM
MD
LG