Accessibility links

Қазақстан мен Чехия арасында халықаралық автокөлік тасымалы дамытылмақ


Маусының 11 күні Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары осындай мақсатты көздейтін заң жобасын мақұлдады.


Көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағмановтің айтуынша, Қазақстан Үкіметі мен Чех Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім 1999 жылдың 13-інші желтоқсанында Прага қаласында жасалыпты.

Осы келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік қатынасы саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қазақстан республикасы мен Чех республикасы арасында автокөлік тасымалдарын жүзеге асыруды жеңілдету үшін құқықтық негіз жасау деді Көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов.

-Келісімде бір уағдаласушы тарап мемлекетінің тасымалдаушысына екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында орналасқан екі пункт арасындағы тасымалдарды орындауға тыйым салынған.

Заңнамаға сәйкес жолаушылар мен жүктердің халықаралық автокөлік тасымалдарына рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар келісімде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруге рұқсат беру негізінде жүзеге асырылатын жағдайлар; мәйіттерді, қайтыс болған адамдардың күлі салынған сауыттарды, пошта жөнелтілімдерін, қайырымдылық жүктерін және тағы сондай тасымалдар көзделіп отыр, -деді Көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов.

Заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жіберілді.
XS
SM
MD
LG