Accessibility links

АҚШ бейбітшілік сақтау жасақтарына БҰҰ иммунитеті берлімек

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік сақтау жасақтарын Халыкаралық Қылмыстық Соттың қудалауынан қорғау жөнінде шешім қабылдамақ.

Біріккен Ұлтар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі бейсенбі күні осы ұйымның бейбітшілік сақтау жасақтарын Халыкаралық Қылмыстық Сот қудалауынан қорғау жөніндегі шешімін талқылады.Бұл талқылау АҚШ пен Еуропа елдері арасына тағы да бір сына түсіретін мәселе делініп отыр.

Оған себеп әлемнің 140 елі болып қол қойып құрған Халыкаралық Қылмыстық Сот туралы шартқа АҚШ –дың әлі қол қоймай отыруы.Бұл шарт бойынша қай елдің азаматы болмасын ең ауыр қылмыс жасағандарды осынау Халықаралық Сот жауапқа тартуға тиіс..Ал, АҚШ болса бұл соттың ондай құқына қарсы.Оның үстіне ҚШ әлемнің 37 елімен өз азаматтарын қудаламау туралы шарттар жасасқаны аян. БҰҰ-дағы ҚШ –дың осы мәселе бойынша өкілі Роберт Вууд радиомыздың тілшісімен сұхбатында аталмыш Халықаралық Сот Америка азаматтарын саяси астармен қудалауға кірісуі мүмкін деп біледі:

Біздің бұл шартпен келіспей отыруымыздың басты себебі бұ шарт бойынша кейбір бірбеткей прокурорлар біздің әскерилерімізге немесе бұрынғы өкімет адамдарымызға қисынсыз айыптар тағуы мүмкін.

Соның бір мысалы ретінде өкіл жуырда Ираққа қарсы ҚШ әскерін басқарған генерал Томми Франксті 1994-шы жылғы заңға сәйкес соғыс қылмыскері ретінде жауапқа тарту керек деп Белгияда іс қозғалғанын еске алды. Белгия өкіметі өткен айда бұл заңды қайта қарап ҚШ өкіметіне сұраныс түсірген.Алай да, ҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд сәпсенбі күні Германияда сөйлеген сөзінде бұл іс қозғауға орай өзінің қатты алаңдайтынын мәлімдеді:

Генерал Томми Франкске қарсы қылмыстық іс те қозғалды.НАТО бойынша өз одақтасына қарсы Белгия қозғап отырған бұл іс меніңше бұл елдің әділет саласының саяси арнаға түскенін дәлелдейді.

Әлі толық жолға қойылмаған Халыкаралық Қылмыстық Сот әр елдің өз ішкі заңдық жүйесінің орнына жүрмейді. Бұл сот тек бір мемлекеттің өз сот жүйесінің қауқары жетпей отырған үлкен қылмыстармен немесе қылмыскерлермен айналысады. Осынау Халықаралық Қылмыстық сотты ұйымдастырушылардың бірі Уилиям Пас ҚШ азаматтарын айыптауда жергілікті заңдардың басымдылығы туралы баса айтады:

Халық ҚШ өкіметінен мынаны сұрауы керек; егер бұл өкімет Халықаралық Қылмыстық Сотты мақұлдамаса онда Гаагадағы осынау сотқа тартылған Америка солдаты не офицерінің ісі қалай аяқталмақ?

Осы жыл аяғында өз жұмысын бастағалы отырған Халыкаралық Қылмыстық Сот пәрменінен өз азаматтарын алып кетуді көздеп отырған ҚШ-ның әрекетін Хюман Раитс Вотш ұйымының маманы Ричард Дикер сынға алды:

Халықаралық Қылмыстық сотқа орай Құрама Штаттардың ұстанған саясаты адам құқығы идеалдарына зиянын тигізеді, және адам құқығы идеалдарына қатер төндіреді, сондықтан бұл мәселенің Қауіпсіздік Кеңесінде талқыға түсуін біз қолдаймыз дейді Хюман Раитс Вотш өкілі.

Геноцид, соғыс қылмыскерлері және адамзатқа қарсы қылмыс жасаушылармен айналысатын Халыкаралық Қылмыстық Сот биылғы жылдың аяғынан бастап әрекет ете бастамақ.
XS
SM
MD
LG