Accessibility links

Ерлi-зайыптылар 6960 шақырымды жаяу жүрiп өтпек


Маусымның 3-i күнi Павлодар қаласынан жаяу шыққан Ризабек Елеманов пен оның жұбайы Айсұлу жексенбi күнi Астанаға жеттi.

Осында екi күн аялдаған олар маусымның 16-сы күнi баспасөз мәслихатын өткiзiп, бұл жобаны Павлодар облысының құрылуының 65 жылдығына арнайтындықтарын айтты. Ризабек Елiмановтың былтыр Қазақстанның 5680 шақырымын жаяу, жалғыз жүрiп өтiп, Гиннестiң рекордтар кiтабына енгенi мәлiм. Биыл екеу болып жолға шыққан Елiмановтардың межелерi 6960 шақырым. Олар Павлодар қаласына биылғы қарашаның 17-сi күнi оралмақ.

Ризабек және Айсұлу Елiмановтар барлығы 302 елдi мекендi басып өтедi. Жол-жөнекей Қазақстанның жануарлар дүниесi мен өсiмдiктер дүниесiн, тарихи орындарын зерттеп, фотосуретке, бейнетаспаға түсiрмек. Өткен жылғы сапардың нәтижесiнде қазақ және орыс тiлдерiнде екi кiтап, жалпы ұзақтығы 2 минуттан 45 секунд болатын үш бейнефильм жарық көрген болатын. Биыл бейнефильм мәселесi шешiле қоймапты. СНН компаниясы бейнефилiм шығару үшiн Ризабек Елемановтың авторлық құқығынан бас тартуын талап етiп отырған көрiнедi.
XS
SM
MD
LG