Accessibility links

Қытайдың күшеюіне Орта Азия алаңдаушылық білдіреді

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Соңғы он жылдан астам уақыт бойы Қытай көршілес Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікістан тәрізді Орта Азия елдерімен саясат, экономика және әлеуметтік салаларда достық қарым-қатынастарды дамытумен келеді. Соған қарамастан Орта Азиялықтардың дені аймаққа Қытайдан қауіп төнеді деп біледі.

Алып Қытайдың экономикалық, әскери тұрғыдан барған сайын күшейе түсуі Орта Азияда айтарлықтай үрей туғызуда деп басталады радиомыздың талдаушысы Антуан Блуаның талдау хабары.Орта Азия елдері тәуелсіз ел болған соңғы он жылдан астам мезгіл ішінде Қытай мен Орта Азия қарым-қатынасы жылы-шырайлы достық бағытта дамып келе жатқанына қарамастан қытай үрейі сейілер емес.Қытай болса аймақта үстемдікті емес, ынтымақтастықты қалайтынын мәлімдеумен келеді. Алай да, ол мәлімдеулерге шүбәмен қараушылар Орта Азияда аз емес. Соның бірі душанбелік қарапайым тәжік азаматы Абділмәлік Төрделі:

"Менің пікірімше Қытай болашақта алып күшке айналады.Бірақ, дәл кәзір мен Тәжікістанға қауіп-қатер бар деп ойламаймын".

Бежиннің бұл аймақта дипломатиялық белсенділік танытып отырғанына бір мысал - өткен айдағы Қытай ел басы Ху Джинтаоның Қазақстанға сапары.Қытай ел басымен кездесуден кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың журналистер алдында:

"Қазақстан мен Қытай арасында бүгін әлеуметтік саяси экономикалық жағынан шешілмеген мәселе жоқ", - деді.

Аймақ экономикасындағы Қытай рөлі де өсе түсуде. Қазақстан өз мұнайын Қытай бағытымен экспортқа шығармақ. Алай да, Алматыдағы Басқару, экономика және стратегиялық зерттеулер Институтының ұстазы Ричард Феилэстің ойынша Қытаймен байланыс күшейсе де Орта Азия өкіметтерінің күдігі сейілмей отыр:

"Күндердің күнінде аймаққа Қытайдың бас салуы мүмкін деген үрей кейбір Қазақстан саясатшылары арасында ылғый да болып келген", - дейді Ричард Фейлэс.

Британияның Оксворд университетінің маманы Рана Миттер Қытай көршілес Тайванға Қытай туын қадауды армандап келе жатқанына қарамастан басқыншыл емес, бейбітшіл мемлекет дейді:

"Қытай өкіметі болса қытай қатері дегеннің әлем бойынша етек алуынан қорқады. Дипломатиялық тұрғыдан келер болсақ қытайлықтар текетірес емес,халықаралық ынтымақтастықты қалайтын ел бейнесін қалыптастырып келеді."

Шекаралық территориялар дауы Қытайдың Орта Азиямен қарым-қатынасына көлеңке түсірді.Алай да, Қытай Совет Одағы құлағаннан кейінгі жерде Орта Азиямен болған жер дауында ымырашыл саясат ұстанды. Мысалы, Қытай Қазақстаннан алғысы келген жерінің тек 20 пайызын ғана алды, Қырғызстаннан алғысы келген жерінің тек 30 пайызын алды,Тәжікістанға келер болсақ Қытай Памир тауларының біраз бөлігін иеленбек ниетін тия білді.

Алай да, Қырғызстан Парламентінің өткен жылғы Қытайға 95 мың гектар жерді беру туралы шешімі қырғыз халқы арасында қарсылық туғызды.Қырғызстанның Асаба ұлттық жаңғыру партиясының бір басшысы Доолот Нусупов Қырғызстан өкіметі Қытайға тек есе жіберумен келеді деп біледі.

"Бұл өзі шатақ мәселе.Біздің өкімет халықтың рухын күшейтіп, тура бағытқа бастап, мемлекетімізді дамытудың орнына олардың тірлігі 1,5 миллиард Қытай бізді басып алады, олай –бұлай деп бізді ешкім басып алмай жатып-ақ елді құрту."

Ал, Қазақстанның кезінде Қытайдағы елшісі болған саясаткер Мұрат Әуезовке келер болсақ, ол Қытай саясатшыларының айтқанына сенуге болмайды деп біледі:

"Қытайдың қандай екенін өте жақсы білеміз.Және де, Қытай әбден қалыптасқан қытай. Ол 19 –шы ғасырда, мысалы, 20-шы ғасырда, енді 21-ші ғасырға мынау әртүрлі қытайлар кемелдескен қытайлар деуге болады".

Егер, Қазақстаннан Қытайға мұнай құбыры тартылар болса оны салатын құрылысшылар кімдер болмақ? Құрылысшылар қытайдан келер болса, онда оның салдары Қазақстанға ондаған мың қытайдың қоныстануымен аяқталады дейді Мұрат Әуезов.
XS
SM
MD
LG