Accessibility links

Депуттар “Сайлау туралы” заңға өзгерістер ұсынуда

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Маусымның 20-ы күні Парламент Мәжілісінің бюросы «Ауыл» фракциясы депутаттарының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі депутаттар бастамасын қарап, заң жобасын Мәжілістің алдағы аптада болатын жалпы отырысында жұмысқа қабылдауды ұйғарыпты.

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай, маусымның 20-ы күні Америка Құрама Штаттарының ұлттық демократиялық институтының президенті Кенет Уоллокпен кездесуі барысында мәлім етті.

- Бүгінгі күні сайлау туралы заңдарды түбірімен өзгерту қажеттлігін біз түсінеміз. Сайлау барысының, дауыс есептеудің жариялылығын, депутаттыққа түсетін кандидатардың тең мүмкіндігін қамтамасыз ету, сайлашылар дауысын сатып алмауға жол бермеу сияқты мәселелерде, соңғы үш жылда бітпес пікірталас жүруде, - деді Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай, алайда, біз Үкімет дайындап жатқан Сайлау туралы негізгі заң жобасын күтіп отырмыз,- деген ойын айтты.

Жалпы, Жармахан Тұяқбайдың пікірінше, келесі жылы күзде болатын Парламент Мәжіліс депуттатығына сайлау жаңа сайлау туралы заңмен өтуі қажет.

Кездесу барысында екі ел арасындағы заң шығару ісінде тәжірибе алмасу мүмкіндіктері де айтылды.
XS
SM
MD
LG