Accessibility links

Ұлттық акционерлік қоғамдар құрылды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

“Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” акционерлік қоғамы, “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы және “Қазақстанның Инвестициялық қоры” акционерлік қоғамы жаңа даму институттары құрылды

“Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” акционерлік қоғамы, “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы және “Қазақстанның Инвестициялық қоры” акционерлік қоғамы жаңа даму институттары құрылды,-деп хабарлайд Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Бұл даму институттары 2015 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Бұл бағдарлама Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес дайындалған еді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен: Зейнолла Кәкімжанов – “Қазақстанның Инвестициялық қоры” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Арман Дунаев- “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Әлихан Смайлов-“Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып бекітілді.
XS
SM
MD
LG