Accessibility links

Қазақстан Республикасы Конституциясының қазақ және орыс тіліндегі мәтіні жайлы дау


Қазақстан Республикасы Конституциясының қазақ және орыс тіліндегі мәтініне қатысты Мәжіліс депутаттары әртүрлі пікір айтып жүр

Қазақстан Республикасы Конституциясының қазақ және орыс тіліндегі мәтініне қатысты Мәжіліс депутаттары әртүрлі пікір айтып жүр.

Маусымның 20-ы күні Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында депутат Серік Әбдрахманов, конституцияның орыс және қазақ тіліндегі нұсқасында президент өкілеттігіне қатысты баптың мазмұндық сипатында айырмашылық бар, бұндай дәлссіздік әртүрлі түсінуге мүмкіндік беред.

Конституцияны бірізділікке түсіру қажет деп есептейсіз бе,- деп Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің төрағасы Юрий Хитринге сұрақ қойды.

Юрий Хитрин, бұл мәселе, конституциялық кеңесте талданды және мемлекеттік-құқық бөлімі де мұнымен айналысты, қабылданған шешім, жарияланған,-деп қысқа жауап қайтарды.

Алайда, Конституциялық Кеңес төрағасының жауабы депутттың ойынан шықпапты.

- Конституциялық Кеңес төрағасының жауабы мені қанағаттандырған жоқ. Себебі, сөзінде тек сылтау. Менің сауалыма байланысты өздерінің шешіміне сілтегені, орыс тіліндегі конституцияға жүгіну керек. Сол, орысша жазылған конституция күші бар деп білу керек,-дейді. Менің сайлаушыларым, қазақша оқып, қазақша дауыс берген. Орыс мәтінімен таныс емес. Сол себептен азаматтардың құқын таптау, конституциялық кеңестен шығып жатыр.

Билік соларда, оларға сауал қоя алмаймыз. Баға бере алмаймыз,-деді депутат Серік Әбдрахманов.

Ал, Мәжіліс депутаты Жазбек Әбдиев, Конституцияның орыс және қазақ тіліндегі мәтініндегі қарама-қайшылық негізді ме оған қазір ешкім жауап бере алмайды деп есептейді.

-Президенттің қолында Конституцияның ресми мәтіні бар. Ол заң бойынша Президентте сақталады. Оның ішінде дұрыс деп жазылып отыр. Оындай жауап келді маған. Баспахана шатасқан болуы мүмкін, аударған кезде шатасқан болуы мүмкін. Сондықтан орыс және қазақ тілінде бір-бірімен қарама-қайшылық рас па негізді ме деп қазір ешкім жауап бере алмайды. Ол үшін Президент қолындағы түпнұсқаны алып көру керек,-деді депутат Жазбек Әбдиев.

Депутттар тарапынан Конституциялық Кеңес төрағасына көп сұрақ қойылды. Олардың дені заңдарға қатысты болды.
XS
SM
MD
LG