Accessibility links

Иран МАГАТЭ инспекторларын Ирандағы атом бекетін тексеруге жібермейтін болды


МАГАТЭ басшысы Иран МАГАТЭ инспекторларын Иранның атом бекеті деп табылып отырған Келайе электрикалық компаниясы тұрған жердің топырағын алуға рұқсат бермеді деп мәлімдеді. Иран жағы Келайе бекеті ядролық емес бекет деп отыр.Ал МАГАТЭ болса сейсенбі күні Ираннан ядролық орындар деп есептелетін бекеттерді тексеруге ешқандай сылтаусыз-ақ МАГАТЭ инспекторларын кіргізуді талап етті. Құрама Штаттары Иранды ядролық қару жасаумен айналысып отыр деп айыптап келеді. Иран болса ол айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Құрама Штаттары Иран МАГАТЭ –ге өз зауыттарын тексерту туралы жаңа хаттамаға қол қойсын дейді. Грекияда өтіп жатқан Еуроодақ саммиті де Иранды МАГАТЭ-мен тіл табысуға шақырды. МАГАТЭ-мен Иранның ынтымақтасып жұмыс істеуі халықаралық қауымдастықтың Иран ядролық қару жасаумен айналысып жатыр деген қорқынышын сейілтпек деді Еуроодақ саммиті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG