Accessibility links

Еуроодақ басшылары Грекиядағы саммитте Балкан елдері басшыларымен кездесуде.


Порто Каррас. Грекия. Еуроодақ басшылары Грекияда өтіп жатқан саммитте бүгін 5 балкан елінің басшыларымен кездесу үстінде олардың Еуроодаққа мүшелікке өту талпынысына қолдау көрсететіндіктерін білдірді. Ол 5 ел – Сербия мен Черногория, Македония, Албания, Хорватия және Босния болып отыр. Еуроодақтың сыртқы істер бойынша комиссары Хрис Паттен:

"Түстікшығыс Еуропа халықтарының барар жері Еуроодаққа мүшелік болмақ" деді.

Грекияда өтіп жатқан Еуроодақ саммиті бүгін аяқталмақ. Кеше Еуроодақ жетекшілері Еуроодақтың тұңғыш Коституциясының жобасын талқылады. Кәзір 15 ел мүше болып табылатын Еуродақ келесі жылдың мамырында кеңейіп 25 –ке жеткелі отыр. Еуроодақ содан кейін ортақ Конституция жобасын қайта қарап одан әрмен жетілдіре түспек.
XS
SM
MD
LG