Accessibility links

Газа секторында палестин жауынгері өлтірілді


Джерихо. Өткені түні Израил әскері бір палестин жауынгерін атып өлтірді. Бұл оқиғадан бірнеше сағат бұрын ҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел Израил және Палестина өкімет басыларымен кездескен болатын. Кеше Колин Пауел Иерусалемде Израил өкімет басымен кездесіп, оны Израил әскерін Газа секторының теріскейімен Бефлемнен шығаруға шақырды. Тіптен Палестина қарулы топтары Израилға шабуылдамауға уаде бермесе де шығару керек деді. Бұл аймақты Палестинаның өз бақылауына беру керек деді. Кеше кешкісін Колин Пауел Батыс жағалауда Палестина өкімет басы Махмуд Аббаспен кездесті. Оған Хамас қозғалысы бейбітшілікке дос емес екенін айтты:

"Хамасдың әрекеттері жәйлі халыкаралық қауымдастық қатты айтуы керек. Біз жүздесіп отырған бұл ұйым бүгінде, менің түсінігімше, бейбітшіліктің досы емес екенін айғақтап отыр".

Өткен аптада Израил нысанаға алып атқан зымыран жаралаған Хамасдың бір жетекшісі Абдел-азиз Ал-Рантиси Колин Пауел туралы ол "Өтірікші, екіжүзді, сионистердің нағыз құлы" деді
XS
SM
MD
LG