Accessibility links

Ресей Шешенстанға қатысты өзінің халықаралық міндеттемелерін орындамай отыр


Ирақта жойқын қару әлі табылмай отырғанына қарамастан Құрама Штаттар президенті Джордж Буш бұндай қару Ирақта бар деп біледі. Барлау арқылы алынған нақты деректер Ираққа қарсы соғыс ашуға себеп болды деп біледі.

Буш әкімшілігі Ираққа қарсы соғыс ашуға не себеп болды деп біздің сыншыларымыз тура ревизионист тарихшылар қоятын сұрақты қоя бастады деп мұңын шаға бастады деп жазады радиомыздың вашингтондық тілшісі Андрю Тули.Дуйсенбі күні Нью Джерси штатында сөйлеген сөзінде Дж. Буш былай деді:

"Біздің мемлекетіміз Ирақ диктаторының қауіп-қатеріне қарсы шықты.Енді бүгінде тарихты қайта жазғысы келіп жүрген біреулер бар.Иә, олар ревизионист тарихшылар. Оларды мен осылай атар едім.Саддам Хусейн Америкаға, азат әлемге 91, 98, 2003 жылдары да қатер төндірді.Саддам азат әлемнің талабын жоққа шығаруды тоқтатпады.Құрама Штаттарымен, одақтастары содан кейін барып қимылдады".

Бугінде Буш әкімшілігі Ираққа қарсы соғыс ашуға басты себеп болған жойқын қару мен Ирақтың Ал Каидамен байланыста болғанын дәлелдеуге тырысып жатыр. Алай да бұл Саддам Хусейн режиміне тағылған екі айыптың екеуін де дәлелдеуге ҚШ әскері Ирақта нақты деректер таба алмай отыр. Радиомыздың тілшісі жақында Бағдадта Ирақтың барлау қызметінде болған бір кісімен сұхбаттасты.Ол Америкаға 11 қыркүйекте шабуылдағандардың жетекшісі Мохаммед Атта сол шабуылдан сәл бұрын Прагада болып Ирақ елшігіндегі барлаушылармен кездесті дегенді жоққа шығарады:

"Біз Ал Каидамен ешқандай байланыста болған жоқпыз.Біздің бір қызметкеріміз Прагада Мохаммед Аттамен кездесті делініп жүр.Ол шындыққа мүлдем жанаспайды.Мен өзім сол Прагадағы жігітпен сөйлестім.Ол Аттаны көргенім жоқ деп азар да безер болды.Оның өмірі үшін қауіптенгендіктен де біз оны Прагадан алдырдық"

ҚШ әскерінің зейнеттегі генералы Едвард Аткесон:

"Оларда егер жойқын қару табылмаса, онда Ал Каидамен байланысты табайық деген ой пайда болғандай.Осыдан келіп олар тақыр жерден шаң шығарып жүр".

Ақпан айында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі алдында Саддам Хусейннің жойқын қаруы бар екенін дәлелдеймін деп ҚШ сыртқы істер министрі босқа арам тер болды дейді әскери талдаушы Аткесон:

"Меніңше Колин Пауел біздегі режимге адалдығын дәлелдеймін деп арам тер болды.Қауіпсіздік кеңесі алдында жойқын қарулар туралы деректерді келтіремін деп ол орасан зор күш салды".

Алай да, Вашингтондағы Стратегиялық зертеулер орталығының маманы Джюдиц Киппер егер Аткесонның айтқанындай Америка барлау қызметі Буш әкімшілігіне сенімді беректер бермей қателестіріп отырған болса онда ондай барлау қызметін реформалау керек дейді:

"Егер де бұл рас болса онда реформа қажет".

" Біздің саяси басшыларымыз алынған ақпаратты Ираққа қарсы соғысты қолдау үшін дабырайтып жіберген жоқ па деп ойлаймын.Бұл басты сауал".

Өзге бір вашингтондық талдаушы Джон Волфстеил болса Ирақта әзірше жойқын қарудың табылмай отыруы Ирақта ондай қару болмады деген сөз емес дейді:

"Егер де әлікүнге Ирақта террористер бар болса, олардың ондағы Құрама Штаттар әскеріне қауіп-қатер төндіріп отырғаны да рас".

"Меніңше, қауіп-қатер әрине жоқ емес, егер, сен оны тым жиі дабырайта берер болсаң онда "қорыққанға қос көріне бастауы да" мүмкін"

Ал, талдаушы Аткесон болса, әзірше, Бушқа, табылмай отырған жойқын қаруға орай сыншылармен шайқасу қиын емес дейді , алай да Ирақта ондай қару алдағы жылдың күзіне дейін табылмаса онда Буштің екінші рет президенттік үшін күресуі де қиын болмақ дейді.
XS
SM
MD
LG