Accessibility links

Болашағы жоқ ауылдар

  • Алма СЕРİКҚАЛИ

Мақалада автор Қазақстан мемлекеті соңғы үш жылды “Ауыл жылы” деп жариялағаннан бері билік басындағылардың “Болашағы жоқ ауылдар” деген терминді қалыптастырып алғандығы жайында жазады.

“Ана” тілі басылымының соңғы санында “Болашағы жоқ ауылдар” деген Мырзан Кенжебайдың мақаласы жарық көрді. Онда автор Қазақстан мемлекеті соңғы үш жылды “Ауылды көркейту жылы,” деп жариялағанан бері “Болашағы жоқ ауылдар” деген терминнің пайда болғандығы жайында жазады. Тілшінің пайымауынша бұл билік басындағылардың ойлап тапқан айласы. Бұл арада автор бұл сөздің қуыс-қалтарысында кейбіреулердің сұп-суық саясаты жатқандығын айтады.

Автордың сөзіне қарағанда шенеуніктердің “Болашағы жоқ ауылдар” деп шырылдап жүргендері, өздері кедейшілікке жеткізген елді мекендер болып отыр. Себебі, бұл ауылдардың көпшілігі Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін қорасы малға , қамбасы астыққа толып, бала-шағасының жүзінен күлкі айырылмаған мамыражай күй кешкен екен. Ал соңғы жылдары мемелекттің қамқорынсыз қалған бұл ауылдар әуелі ұжымшар,кейін кеңшарларынан айырылып,құлдырай бастаған. Ақыр соңында, қайыршылыққа жеткен.

Мақала авторының айтуынша ауылдағылардың бұлайша азып-тозуына алдымен мұндағы жұмыссыздық себеп болған. Сондай-ақ, мұндай ауыр жағдайды бастан кешіп отырғандар тек қазақтар екен. Тілшінің сөзіне қарағанда билік басындағылардың “Болашағы жоқ ауылдар” деп жүргендері қазіргі таңда дүкендері жабылып, мектептері жағатын отын таба алмай. Электр шамның орнына сығырайған білте шам жағып қалған ауылдар болып отыр. Мұндағы аяқ- қолары балғадай жап –жас жігіттер қалаға кетіп, базарда арба сүйреуге көшіпті. Ал, бұған да қол жеткізе алмағандары ұрлық істеп, есірткі шегетін, сататындардың ұйымына тап болып түрмеде отыр дейді автор.

Осындай ауыр жағдайды басынан өткеріп жатқан ауыл балалары үшін мептеп бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсу деген ақ арман қол жеткізбестейтін сағымға айналды дейді тілші. Ауылдан қалаға келіп, сенделіп қалған өрімдей қыздар амалсыз күн көріс үшін тән саудасына баруда. Бұл арада автор небір зар заманда бұлайша қазақ халқының абройы төгіліп, мұндай сұмдыққа тап болып, кім көрінгенге мазақ болып көрмеген емес дегенді тілге тиек етеді.

Ауылдарды осындай адам айтқысыз жағдайға жеткізген билік басындағылар өз қателіктерінің орынын толтырудың орнына дәл “Ауыл жылы” “Болашағы жоқ ауылдар” деп ат қойып, айдар тағып, біраз ауылдарды көшіруді қолға алмақ. Мұндағы олардың көздегені ауыл санын азайтып, оларға тиесілі ақшадан едәуір қымтып қалу болып отыр дейді автор. Мақаладағы деректерге қарағанда қазір мұндай ауылдар Қазақстанда 700-ден асып жығылады екен.

Алайда, ауыл тұрғындары осы күнге дейін несие ала алмай келеді. Себебі, ауылға бөлінген қаржы облысқа бір шеті мүжіліп жетсе, ауданға екінші бір шеті мүжіліп жекетеді екен. Ал ауылға келгенде, орта жолда жоғалып кетіп жатыр дейді тілші. Сондай-ақ, автор мақалада билік басындағылардың “Болашағы жоқ ауылдарды” көшіру қажет деген үрейлі шешімдерінің ар жағында тағы бір саясаттың бұғып жатқандығын айтады.

Ал мақаланы қорытындылаған Мырзан Кенжебай егер билік басындағылардың расымен де, қазақ ауылдарына жаны ашитын болса, бұл аймақтарды электр жарығымен де, газбен де, сондай-ақ, сумен де қамтамасыз етуге Қазақстан сияқты асты-үсты байлыққа қалқып жатқан мемлекеттің құдіреті жетеді дегенді айтады “Ана тілі” басылымының соңғы санында.
XS
SM
MD
LG