Accessibility links

Бұқаралық ақпарат құралдары Рахат Әлиев туралы

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Қазақстан Республикасы президентінің күйеу баласы Рахат Әлиевтің “Ассанди-таимс” газетін сотқа берген шағым-арызында, аталмыш басылым таратқан ақпараттардың шындыққа үйлеспейтіндігі баяндалған еді.

Міне осыған орай мақалада шағым-арыз түсіруші Рахат Әлиевтің сөздері жоққа шығарылып, көптеген дәлелдер келтірілген.

“Ассанди-таимс” газетінің кезекті санында “Бұқаралық ақпарат құралдары Рахат Әлиев туралы” деп аталатын редакцияның бас мақаласы жарық көрді.

Қазақстан Республикасы президентінің күйеу баласы Рахат Әлиевтің “Ассанди-таимс” газетін сотқа берген шағым-арызында, аталмыш басылым таратқан ақпараттардың шындыққа үйлеспейтіндігі баяндалған еді. Міне осыған орай мақалада, шағым-арыз түсіруші Рахат Әлиевтің сөздері жоққа шығарылып, көптеген дәлелдер келтірілген.

Енді осы мысалдардың бірсыпырасына тоқтала кетейік: “2001 жылдың қазанында, Төлен Тоқтасынов бастаған парламент мәжілісінің бір топ депутаттары, Қазақстандағы ең әйгілі телеарналар мен газеттердің, ақпарат агенттіктерінің тікелей қожайыны - Рахат Әлиев болып табылатындығын айтып, президентке үндеу жариялаған. Осы үндеуде депутаттар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Рахат Әлиевтің, билікке ұнамаған басылымдар мен меди-холдингтерге қысым көрсетіп жатқандығы да мәлімдеген.

Кейіннен 2003 жылдың 29 көкегінде, “Саяси тұтқындарды қорғау жөніндегі қазақстандық халықаралық қордың” сайтында жарық көрген Казис Тоғызбаевтың мақаласында “Рахат Әлиевтің Қазақстанға оралатындығы туралы әңгіме ақиқатқа айналуы мүмкін. Сол уақытта ең алдымен оппозицияның басына қара бұлт үйіріліп, “тазарту” жұмыстары басталуы ықимал” деген мағынадағы болжам жасалған.

Сонымен қатар осы сайттағы “Процестер. Саяси қуғынның тарихы” деп аталатын материалда былай деп жазылды: “2001 жылдың күзінде Назарбаевтың туыстары мен қарамағындағылар экономика мен мемлекеттік аппараттағы маңызды салаларды иеленіп алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен күйеу баласы арнайы қызметті, салық полициясын, кеден қызметін, оның зайыбы Дариға Нұрсұлтанқызы көптеген электрондық және басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайды”.

Сондай-ақ мақалада осыған орай кезінде пікірін білдірген Мұхтар Әблязовтың да сөзі берілген. : “1999 жылдың күзінде мен қызметтен кетіп, бизнеспен айналысуға бел будым. Бірақ мен алаңсыз жұмыс жасай алмадым. Рахат Әлиевтің тапсырысымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті мені үш жыл бойы қудалады” дейді, Мұхтар Әблязов.

2001 жылдың қыркүйегінде Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов баспасөзде Қазақстандағы саяси жүйені қатты сынап, демократиялық процестерді бастау қажеттілігін тілге тиек етті. “Таң” телеарнасынан Ғалымжан Жақиянов сөз сөйлеп президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің бизнесмендерге қарсы экономикалық репрессияны жүргізіп отырғандығын ашық айтқан болатын.

Мақалада келтірілген деректерге сүйенсек, президенттің күйеу баласы Рахат Әлиев туралы тіпті Ресейлік басылымдар да аз жазбаған. 2002 жылдың 25 қаңтарында жарық көрген ресейлік “Коммерсант” газетіндегі Дмитрий Глумскидің мақаласында “Үлкен медиа холдингтің қожайыны болып табылатын Рахат Әлиев, қазақстандағы көптеген, ірі кәсіпорындардың капиталына да қолын салып үлгіріпті. Павлодар облысының экс-әкімі, Ғалымжан Жақияновқа қарсы, арандатушылық әрекеттерді ұйымдастырушы да - Рахат Әлиев көрінеді” деп жазған еді.

“Рейтер-Бизнес Бриффинг” агенттігінің 2001 жылдың қарашасында жарық көрген саитында “Президенттің күйеу балалары Тимур Құлыбаев пен Рахат Әлиев мұнай мен саясаттағы үлкен билікті бөлісе бастады. Рахат Әлиев оппозицияны қудалап, режиді сынаған газеттерді жаптыртып жатыр”, - деген сыңайдағы ақпарат таратылған. Парижде шығатын “Руская мысль” газетінің 2001 жылғы 21 желтоқсан күнгі санында, президенттің күйеу баласы Рахат Әлиев туралы былай деп жазылыпты: “Қазақстандағы олигархтардың жаңа қозғалысының құруылуына, Рахат Әлиев тарапынан жасалып жатқан қысым мұрындық болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқара жүріп, Рахат Әлиев лауазым жоғары шенеуніктерді қаралайтын материалдар жинаумен шұғылданды”.

Аталмыш газетте жарық көрген мақаласында мәскеулік тілші Владислав Сахарчук “Назарбаевтың орынтағы үшін талас басталып кетті. Күзде осы мұрагерлікке қатты таласақандардың бірі президенттің қызы Дариға мен оның күйеуі Рахат Әлиев болды” деп жазған еді. “

Ассанди Таимс” газетінің кезекті санында жарық көрген мақалада президенттің күйеу баласы Рахат Әлиев туралы басқа да көптеген шет елдік және қазақстандық басылымдардың не жазғандығы берілген. Міне осылай мақала авторы, президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің шағым-арызындағы келтірілген айғақтардың қисынсыз екенін дәлелдеуге тырысады.
XS
SM
MD
LG