Accessibility links

Жер кодексі төңірегінде Қазақстан қоғамында қалыптасқан пікір

  • Гүлмира ХАМЗА

20 маусым күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне қол қойды. Заң шығарушы және атқарушы билік арасында дау туғызып, Иманғали Тасмағамбетов басқарған үкіметтің қызметтен кетуіне түрткі болған Жер кодексіне Қазақстан президенті соңғы нүкесін қойды.

Осыған байланысты , 22 маусым күні Қазақстанның ұлтшылдары, бұдан бұрын жариялаған аштықтарын тоқтатты. Аштық жариялау акциясына «Алаш» партиясы», «Жер Ана», «Тәуелсіздік қарлығаштары» және «Азат» қозғалыстары, «Махамбет» атты отанды қорғау комитетінің мүшелері қатысқан. Аштық акциясы тоқтатылғаны мен жер кодексіне наразылығымызды одан әрі көрсете береміз дейді, «Махамбет» атты отанды қорғау комитетінің жетекшісі Ермек Нарынбай. Мүның себебін олар Қазақстан Президентінің шешіміне риза болмай отырғындықтарымен байланыстырды.

«Махамбет» атты отанды қорғау комитетінің жетекшісі Ермек Нарынбай: - Біз қолдамаймыз, біз ойлаймыз халық әлі бұл сұрақты шешкен жоқ. Бізге, халыққа референдім керек. Қазір біз митингқа дайындалып жатырмыз, біз бұл жиынды 28 маусым күні, сағат 12.00 «Сары-Арқа» кинотеатры маңында өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз ойлаймыз бұл митингқа екі-үш мыңдай адам келеді. президентке жедел хат жазамыз, Президент бізді тыңдайды деп ойлаймыз.

«Тәуелсіздік қарлығаштар» халық-патриоттар қозғалысының төрайымы Гулбахрам Жүністің айтуынша, 28 маусым күні өтетін митингта, олар референдумнан өзге бірнеше талаптарын жариялайды.

«Тәуелсіздік қарлығаштары» халық-патриоттар қозғалысының төрайымы Гулбахрам Жүніс: - Бұл митингта біз осындай елін сатқан, отанын сатқан, халқын сатқан, біздің Президентіміздің, өз еркімен тағынан кетуін талап етеміз. Екіншіден, халықтың сенімін ақтай алмаған халық қалаушылары орындарын босатуын талап етеміз.

Жерге жекеменшік енгізуді қолдап, өз пікірін ашық айтып жүрген азаматтардың бірі, Қытай және Ресей институтының директоры Камал Бұрханов мырза. Камал Бұрханов мырза Қазақстан президентінің 20 маусым күні шығырған шешімін қолдаймын дегенді айтты. Себебі жерге жекеменшік енгізу, қазақстандықтарға өте қолайлы.

Қарапайым қазақстандықтардың республика президентінің соңғы шешімі жөнінде не ойлайтынын білу мақсатында, микрафонымызды алматылықтарға ұсындық. Алайда ойын ашық білдірушілер өте аз. Біріншілері қамауға алынғымыз келмейді деп қашқақтаса, екіншілері Президенттің шешіміне баға беруден қашады. Бірақ пікірін ортаға салушыларда жоқ емес.

Қарапайым алматылықтар: - Президентке бұл пайдалы, жақсы жерді алып алады. Қара халық ала алмайды, ақшасы жоқ,қолдауы жоқ.

- Жердің сатылмағаны жақсы. Халықтың, ауыл тұрғандарының жағдайы нашар, сол себептен әр кім өз күнін, өзі көру үшін жердің сатылмағаны дұрыс болар еді.

Қазақстан президенті жер кодексіне қол қойсада, бұл мәселені халық пайдасына шешуге болады деген ойды Қазақстан Парламентінің Сенат депутаты Зәуреш Батталова білдіріп отыр.

Қазақстан Парламентінің Сенат депутаты Зәуреш Батталова: - Менің пікірімше, Жер кодексін қабылдатындай мерзім келген жоқ. Сол себептен біз референдум өткізу жөнінде бастаған ісімізді аяғына дейін жеткіземіз. Халықтың ойынша, президент әлі халықтың пікірін білмей отыр. Сол себептен президент қандай шешім қабылдайтынын халық өзі біліп, көруі керек.

Сенатор ханым Зауреш Батталова президент қол қойған заңға өзгерістер енгізуге болады деген үмітте болса, Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев, Президенттің шешімімен толығымен келісетінін жеткізді.

Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев: - Мен бұл кодекс елімізге өте қажетті деп санаймын.Бұл кодекс ауылымыздың жағдайын жақсартады деп ойлаймын. Ал Қазақстанның Республикалық Халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы шешімінің үш себептері бар дегенді айтты.

Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов: - Біріншіден, жерге ие болғысы келген адамдардың Президентке сөзі өтті. Екінші, Президент саяси ойындар арқылы, ешкімге бағынбайтындығын көрсетті. Ондай болса, бізге мәжілістің, сенаттың керегі не? Үшінші себебі,менің ойымша, халықтың өз ойын білдіруі, оппозицияның бірігуі, билікті шошытып жіберді. Сол себептен Президент осындай шешімдерге келіп отыр.

Қазақстан президенті жер кодексіне жұма күні, қол қойды, осыған орай дүйсенбі, яғни 23 маусым күні Жер туралы бүкілхалықтық референдум өткізуді көздеген ынталы топ арнайы мәлімдеме жасамақ, ал апта соңында ұлтшылдар митинг ұйымдастыруды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG