Accessibility links

АҚШ - Иранға қарсы күш қолданудың ешқандай мүмкіндігін қарастырмайды.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл: Америка Құрама Штаттары - Иранға қарсы әскери күш қолданудың қандай да бір мүмкіндігін қарастырмайды деп мәлімдеуде. Оның сөзіне қарағанда, Вашингтон Теһранның ядролық қару бағдарламасын жүзеге асыруына және террористерді қолдауына алаңдауда. Би-Би-Си теолекомпаниясына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин: Мәскеу Иранға ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға көмек беруін әрі қарай жалғастырады деп мәлімдеді. Орыс президентінің үзілді-кесілді мәлімдеуінше, Ресей ядролық қарудың кең таралуына қарсы, бірақ ол тақырыпты Ираннан Ресей компанияларын ығыстырып шығару мақсатында қолдануға болмайды. АҚШ Ресейді Иранмен ядролық бағдарлама саласындағы ынтымақтастығы үшін сынауда. Вашингтонның пікірінше, Иран – ядролық қару жасауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG