Accessibility links

Грекияға қарайтын теңіз суында 680 тонна жарылғыш тиілген жүк кемесі ұсталды.


АФИНА: Өткен жексенбі күні Грекияға қарай теңіз суында 680 тонна жарылғыш зат тиілген жүк кемесі ұсталды. Грекияның теңіз саудасы министрлігінің хабарлауынша, әлгі жүк кемесі Коммора аралдарының туын тігіп жүзіп келген, бірақ оның командасы бірыңғай Украина мен Әзірбайжанның азаматтарынан жасақталған көрінеді. Жарылғыш заттар - кемені НАТО-ның арнайы мақсатты әскері өкілдерінің тінтуі кезінде аңғарылған. Тінту тәртібі Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде осыдан бірнеше ай бұрын енгізілді. Грекия өкіметі әлгі кеменің қайда жүзіп бармақ болғанын хабарламады. Ал 680 тонна жарылғыштың кімге арналғанын тергеу анықтауда.

МӘСКЕУ: Ресей астанасында шетелдік азаматқа кезекті шабуыл жасалды. Африкалық Гана мемлекетінің азаматы Туку Джонсон Кваку сенбі күні Боровской тас жолында соққыға жығылды. Ресейлік “Интерфакс” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, милиция күдікті екі адамды ұстаған. Ол екеуі “жылтырбастарлар” атаулы жастар ұйымының біріне жатуы мүмкін деп есептелуде.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG