Accessibility links

Екі аптадан кейін Ирақитың жаңа армиясы жасақтала бастайды.


БАҒДАД: Екі аптадан кейін Ирақ армиясының қатарына алғашқы жауынгерлер алына бастайды. АҚШ-тың Ирақтағы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремер Иорданияда өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда осылай деп хабарлады. Осыдан 1 ай бұрын Пол Бремердің нұсқауымен, Саддам Хусеиннің билігі кезінде құрылған Ирақтың қорғаныс министрлігі таратылған болатын. Оның хабарлауынша, шілде айында Ирақтағы барлық қоғамның өкілдерінен жасақталған Саяси Кеңес құрылады. Аталмыш Кеңес министрлерді және соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіру үшін маңызды деген мәселелерді шешетін комиссияны тағайындайтын болады. Оның ішінде білім беру, жеке кәсіпкерлік және телекоммуникация салаларына қатысты комиссияларды белгілейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG