Accessibility links

Сауд Арабиясында 44 күдікті адам тұтқынға алынды.


ӘР-РИАД: Сауд Арабиясында терроризмге қатысы бар деген күдікпен 44 адам тұтқынға алынды. Олардың ішінде ел астанасы - Әр-Риадта 12-нші мамырдағы жарылысты ұйымдастыруға қатысы бар деген күдіктілер де бар. Ол террористік қастандақтың нәтижесінде 35 адам мерт болды. Сауд Арабиясының ішкі істер министрі хабарлағандай, сондай-ақ мұсылмандардың киелі қаласы Меккеде қастандық ұйымдастырмақ болған тағы бірнеше адам тұтқындалды. Саудия мен АҚШ өкіметінің пікірінше, Әр-Риадтағы террористік қастандықты “Әл-Қаида” ұйымының жасақтары ұйымдастырған.
XS
SM
MD
LG